ДИКТОР: Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына тиісті толықтырулар енгізілгеннен кейін, 2021 жылдан бастап әскери кафедралардың студенттерін запастағы офицерлер, сондай-ақ запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша даярлау қолға алынды. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде университеттер жанынан ашылған 36 әскери кафедра бар. Биыл Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті жанынан ашылған әскери кафедрада оқып жатқан 180-нен астам студент түлек атанбақ.
РКС: Әскери кафедра Үкіметінің қаулысымен 2012 жылы 25 мамырда құрылды. Запастағы офицер бағдарламасында үш әскери-есептік мамандық бойынша оқыту көзделген. Ол жалпы әскери бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы, Қарулы Күштердің құрамаларын, әскери бөлімдері мен ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін және өрт қауіпсіздігін ұйымдастыруға бағытталып отыр. Ал запастағы сержант бағдарламасы бойынша, студенттер атыс және пулемет бөлімшелерінің командирі атануға дайындық жүргізеді.
СНХ: АҚАНБЕК АЛПЫСБАЕВ, ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ БАСТЫҒЫ: Запастағы сержант бағдарламасында студенттер атыс өнерін меңгереді. Биыл запастағы офицер бағдарламасы бойынша 142 адам, запастағы сержант бағдарламасы бойынша 40 адам түлек атанбақ. Қазіргі уақытта полигондарда оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Әскери кафедрада университеттің 2-3 курс студенттері оқиды. Бұл мекемеге қабылдану үшін олар 3 кезеңдік сынақтан өтуі тиіс. Бірінші кезең - медициналық тексеріс, екінші кезең - кәсіби психологиялық тестілеу, ал үшінші кезең студенттердің спорттық икемділігін тексеру. 2 жыл ішінде кадеттер тактикалық, мергендік, инженерлік, техникалық, байланыс құралдарын жауынгерлік қолдану сынды дағдыларды меңгереді. Кейін білім алған бағыттары бойынша әскерге өз еркімен барады. Ал отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар әскери қызметін одан әрі жалғастырып мансап қуады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында студенттер әскери дайындық жұмыстарымен қатар, спорттық жарыстарға белсене қатысады. ген.
СНХ: ҰЛАН МҰХАМЕДҚАЛИ, ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ СТУДЕНТІ: Қазір мен 2-ші взвод құрамының командирімін. Осы әскери кафедрада 2 жылда біз көптеген нәрсе үйрендік. Теориялық және практикалық түрде де. Әлі де бізді оқу-жаттығу алаңы күтіп тұр. Сол жерде де практикалық түрде сынаймыз күшімізді. Және осы екі жылдың ішінде мен спорттан да біраз жетістікке жеттім. Таэквондо спортынан облыстық және республикалық деңгейде чемпион болдым. Алдағы таңда да әлемдік деңгейде және республикалық деңгейдегі жарыстарға дайындалып жатырмыз. Қазіргі таңда таэквондодан қара белбеу иегерімін, және де ҚР спорт шеберіне үміткермін. +скл+ Мұнда тек техникаға ғана үйренбей, қару-жарақ ұстамай ер мінезді болуға үйретеді. Шыдамды болуды және «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген ұран мәңгі есімізде қалады.
РКС: Ұланнан басқа әскери кафедра студенттері Айя Қанафия ММА-ден әлем чемпионы, Никита Дик каратэден өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ, студент Өміртас Ясин еркін күрестен көптеген халықаралық және республикалық жарыстан жүлделі оралды.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ