ДИКТОР: Өңірде өрт-құтқару спорты бойынша республикалық 6-шы турнирдің ашылу салтанаты өтті. Байрақты бәсеке Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО ішкі істер министрілігінің еңбек сіңірген қайраткері Александр Балабастың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 218 спортшы 3 күн бойы бақ сынаспақ.
РКС: Жарысқа 20 команда қатысуда. Сайыста қыздар тобы да спорттың бірнеше түрінен сынаққа түседі. Қатысушылар 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, жауынгерлік қанат жаю сынды сайыстардан жарысады. Алдымен олар сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 2-4-ші қабаттарына көтерілу сайысынан бастайды.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН ҚАБЕРЖАНҰЛЫ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ): Көңіл-күйіміз көтеріңкі. Осындай жарысқа келгенде. Біздің команда құрамы нәтижелі командалардың құрамында. Үздік 5 топтың құрамына кіреміз.
СНХ: ВЕНЕРА БЕРМАҒАМБЕТОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ): Алда спортшыларға жеңіс тілеймін.Спортшылармыз осыған дейін жақсы нәтиже көрсетті.Жауынгерлік қанат жаюдан жүлделі орындарға ие болдық.Осы жарыста да жнңеміз деп сенемін.
РКС: Жарыс Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында орналасқан Жақсы спорт базасында өткізіледі.Мұндай сайыс құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің шынығып, әрі әр оқыс жағдайға дайындығын пысықтайды-,дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: ДӘУРЕН ДАНАЕВ, ҚР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Ақмола облысының әкімдігі төтенше жағдайлар департаментіне ақшалай қаражат бөлді.Өрт сөндіру бөлімінде оқу мұнарасы орнатылды.Бұл алғашқы жарыс өтетін жер. Бұл біздің жарыс басталатын құрылым. Бұл спорттық базаны нығайтады.Жарысқа біткен соң барлық құрал-жабдықтар департаментте қалады.
РКС: Жарыс нәтижесінде ұлттық құрама жасақталып, жеңімпаздар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Айта кетейік, құтқарушалар арасындағы республикалық сайыс осымен 6-мәрте ұйымдастырылып отыр.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ