ДИКТОР: Өңірде есірткі қылмысының саны жыл санап артып отыр. Ең өкініштісі -тыйым салынған заттарды сатуға кәмелет жасына толмағандар тартылуда. Қылмыс санының артуына тәркіленген есірткі көлемі де әсер етті. Осыдан үш жыл бұрын 50 граммға жуық тыйым салынған зат тәркіленсе, қазіргі уақытта оның мөлшері 3 килоға дейін жеткен.

РКС: Қазакстанда есірткі саудасы ең өзекті әлеуметтік мәселенің қатарында. Оның салдары талай отбасын ойрандатса, енді бірін мүгедек етуде. Ел тұрғындарының тең жартысын физикалық және рухани әлеуетінен айырып отырған індет.

СНХ:СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының өсуі мен синтетикалық есірткінің таралуы жиілеп бара жатқаны өкінішті. Бұл әлем бойынша қалыптасып отырған үрдіс. Қазақстанда да бұл қылмыс қарқын ала бастады. Сондықтан бұл мәселеге ешкім бей-жай қарамауы тиіс.

РКС:Былтыр 18 бен 29 жас аралығындағы 50-ге жуық адам уытқұмарлық препаратын заңсыз сақтап, сатқаны үшін ұсталды. Тәртіп сақшылары 25 мыңнан астам «Трамадол» таблеткасы мен 500-ге жуық «Тропикомид» құйылған құтыны тәркіледі. Құқық қорғаушылар жалпы қоғам болып әрекет еткен жағдайда мәселенің алдын алуға болатынын атап өтті.

СНХ; РАЗИЯ ҚҰРСАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Иә, біз бұл мәселені мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен жастардың күш-жігерін біріктіру арқылы күрескен кезде нәтиже шығара аламыз. Соңғы 3-5 жыл көлемінде кәмелетке жасы толмағандардың есірткі қылмысына қатысуы артып отырғанын байқаймыз. Менің ойымша, бұл оңай ақша табудың жолына түсумен байланысты болса керек.

РКС: Халықаралық зерттеулерге сәйкес, психобелсенді заттарға қызығушылық 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерде көбірек байқалады. Сондықтан балаларды уытқұмарлыққа тәуелділіктен қорғау мақсатында алдын алу жұмыстарын мұқият жүргізген жөн,-дейді мамандар. Осы кезге дейін 400-ге жуық профилактикалық іс-шара өткізілген. Оған өңір мектептерінің оқушыларымен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарының 13 мыңға тарта студенті тартылды.

ТӘТТІ ҚАЙРОЛЛА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ