ДИКТОР: Бүгін республикалық волонтерлердің жазғы мектебі ашылды. Еліміздің үздік волонтерлік ұйымдарының өкілдері Зеренді ауданында бас қосты. 17 өңірден келген белсенділер тқөрт күн бойы өзара тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқыға салмақ.
РКС: Ерікті жастар түрлі саладағы ең қызықты жобаларын көпшілікке таныстырды. Мәдениет, экология және патриоттық тәрбие беру саласы кеңінен қаузалды. Жастарға арнайы қабілетті дамытуға арналған және «Еріктілердің қоғамдағы рөлі» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылды.
СНХ:АҚБОТА АҚМАМБЕТ, ВОЛОНТЕР (АСТАНА ҚАЛАСЫ): Экология бағытында біз арнайы үстел жасап шығардық. Экологиялық мультфильм түсірдік. Қазіргі таңда экологиялық бағытта дамыту,жастарға білім беру маңызды деп ойлаймын.
СНХ:АЙБАР БЕТЖАНОВ, ВОЛОНТЕР (ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ): Біз медициналық бағыт бойынша волонтерлікпен айналысамыз.Әртүрлі акциялар,түрлі жобаларды іске асырамыз. Оның ішінде біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз.Халыққа пайдалы ақпаратпен бөлісуге тырысамыз.
РКС: Елімізде 600-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Ондағы еріктілер саны 200 мыңнан асады. Соңғы үш жылда 1,5 миллионнан астам адамға көмек көрсетілген.
СНХ:МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 2022 жылы волонтерлік заңына қажетті өзгерістер енгізіліп,ресми түрде волонтерлерге кейбір жеңілдіктер берілді. Университетке түсу,жұмысқа орналасу бағытында біршама көмектер қарастырылған. Осында үйренген жобаларын волонтерлік қауымдастықта бар білгендерімен бөліседі.
РКС: Демалыс аймағында өтіп жатқан шара 4 күнге созылады. Волонтерлер өз жобаларын ұсынып, жаңа идеяларымен бөліседі. Үздік деп танылған жұмыстар халықаралық форумда таныстырылады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ