ДИКТОР: Сарыарқа шағын ауданында құтқарушыларға арналған тұрғын үй мен оқу корпусының құрылысы басталмақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген пәрменінен кейін жер учаскесі анықталған. Жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин нысандардың жобасымен танысты.
РКС: 900 студенке шақталған нысанның аумағы - 8,6 гектар. Заманауи талаптарға сай ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Жоспар бойынша жаңа оқу орны 2026 жылы қолданысқа беріледі. Сондай-ақ, биыл құтқарушыларға арналған тұрғын үйдің құрылысы басталады.
СНХ: ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Бұл жерде лабороторияны салған кезде әр детальға мұқият болу керек. Нормативті тапсыру, құтқарушылар жүзуді толық үйренуі үшін бұл ғимаратты заманауи талаптарға сай етіп салу қажет. Бұл жерден түлеп ұшатын офицерлер барлық саланы жан-жақты меңгеріп шығуына жағдай жасалуы тиіс.
РКС: Сонымен қатар тәуелсіздік алаңында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарының оқу бітіру салтанатты рәсімі өтті. 137 жас офицер Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде қызметтерін атқарады. Елімізге адал қызмет етуге серт берген сарбаздардың сезімі бөлек. Айтулы шараға арнайы қатысқан Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құтқарушыларға сәт-сапар тіледі.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өткен жылдың қорытындысы бойынша құтқарушылармен 3 мыңнан астам жылдам әрекет ету шаралары іске асырылып,244 адам құтқарылып,3 адам апат орнынан шығарылды. Осы ретте Зеренді ауданы мен Қостанайда болған өртті сөндіруге қатысқан 250 ақмолалық құтқарцшылардың еңбегін ерекше атап өткім келеді.
РКС: Өзге үшін өмірін қатерге тігуге дайын жастардың есінде бұл күн ұзақ қалмақ. Биыл ішкі қызмет полковнигі Нұрпейіс Ақпаровтың 100 000 теңге көлеміндегі атаулы стипендиясы екінші рет табысталды. Мұндай құрметке азаматтық қорғау лейтенанты Әліби Молдахметов ие болды.
СНХ: ӘЛІБИ МОЛДАХМЕТОВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Маған бала кезімнен адамдарға көмектескен ұнайтын. Осы азаматтық академияға түскеніме өкінбеймін. Академия бізді өмірге деген талпынысымызды және де өмірге деген құлшынысымызды арттырды десек артық айтқаным емес.
РКС: Биыл Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының құрылғанына – 26 жыл. Құтқарушыларды даярлайтын еліміздегі жалғыз білім ордасы осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам маман дайындаған. Сондай-ақ, биыл академияның алғашқы магистрлері «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ