ДИКТОР: Сәндік-қолданбалы қолөнер туындылары қашан да үлкен сұранысқа ие. Қазіргі кезде әр адам өз үйін түрлі бұйымдармен әсемдеуге тырысады. Кейбірі оларды дүкендерден сатып алса, енді бірі түрлі платформалардан үйреніп алып, өз қолымен жасауға машықтанған.
STAND-UP: ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ТІЛШІ: Мұндай декор бұйымдарын түрлі әлеуметтік желілерде көрген боларсыздар? Қазір олар жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Көбі оларды онлайн сайттардан тапсырыс беріп алып жатады. Алайда, гипстен жасалатын декор бұйымдарын кез-келген адам өз қолымен де жасауына болады.
ИНТЕРШУМ: жұмыс барысы
РКС: Жасмин Тұрғытова қолданбалы қолөнермен айналысып келе жатқан жас ана. Қазір ол өз қызығушылығын табыс көзіне айналдырып отыр. Әлеуметтік желілерде жастар арасындағы тенденция гипстен декор бұйымдарын жасайтын шебердің өміріне жаңа леп берді. Оның бұл бастамасын жақындары да құп көреді екен.
СНХ: ЖАСМИН ТҰРҒЫТОВА, ШЕБЕР: Декретке шыққанда өз энергиямды, бос уақытымды қалай өткізерімді білмедім. Себебі, адам күні-бойы үйде отырған соң тез жалығып кетеді. Содан кейін гистен жасалатын бұйымдарға қызығушылық таныта бастадым. Астанадағы мастер-класстың біріне қатысып үйрендім. Процесс бірден еліктіріп әкетті. Бұл іспен айналысып келе жатқаныма бір жылдай болып қалды. Қазір хоббиім табыс табудың көзіне де айналды десем болады.
РКС: Бұйымдарды жасауға қажетті шикізатты шебер алыс-жақын шет елдерден тапсырыс арқылы алдырады. Бірақ, кейбірін тұрғылықты жерден де табуға болады. Бәрі табиғи, таза өнім. Химиялық қоспасы жоқ, тіпті судың өзі мұнтаздай таза болуы қажет. Мұндай бұйымдарды тек декор ретінде ғана қолдануға болады. Ас үйдің қажеттілігіне пайдалануға жарамсыз. Гипстен әшекейге арналған қорапша, түрлі пішіндегі ваза мен жуынатын бөлмеге қоятын ыдыс жасауға болады.
ИНТЕРШУМ: бұйымды формочкадан алу
СНХ: АЙДАНА РЫСКЕНОВА, ЖАСМИННІҢ ҚҰРБЫСЫ: Әсіресе жастардың жаңашылдықтар енгізуге тырысып жатқанына қуаныштымын. Біздің де уақытымызды мәдениетті және пайдалы өткізуге мүмкіндігіміз пайда болды. 21-ғасырда жастардың әлеуеті зор. Содан болар, бәрі де кәсіпкерлікке ұмтылып келеді. Мұндай қызығушылық декреттегі келіншектерге өте жақсы мүмкіндік. Адамдардың көбі Қытайдан, Америкадан тапсырыс беріп, айлап күтіп отырады. Бірақ оны өзің жасаған әлде қайда тиісмді. Уақытыңыз да қызықты өтеді.
РКС: Көкшетауда осындай бұйым жасайтын бірнеше шебер бар. Соңғы кездері қала тұрғындарының мұндай жаңашылдыққа үлкен қызығушылық танытып келе жатқаны қуантады,-дейді кейіпкер. Алдағы уақытта қолөнер бұйымдарын дайын күйінде сатып алмай, өз қолымен жасаушылардың саны артады деген үмітте. Бұл өз кезегінде тек пайдалы іс қана емес, белгілі деңгейдегі арт-терапия.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ