ДИКТОР: 18 жасқа толған Қазақстанның әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Еліміз бойынша жыл сайын 30 мыңнан астам бозбала әскер қатарына шақырылады. Бірақ, олардың бестен бірі ғана сарбаз аттануда. Отан алдындағы борышын өтей алмағандарға әскери қызметтен өтудің шетелдік балама түрі ұсынылған. 2013 жылдан бері 40 күндік курстан өту қарастырылды. Көкшетауда орналасқан әскери-техникалық мектепті тәмамдағандар ант берді. Тілшіміз Лаура Дәулетбек баяндасын.

ИНТЕРШУМ: сарбаздың ант беруден көрініс

РКС: 2013 жылдан бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» заңға өзгеріс енгізілді. Әскери билетті міндетті түрде бір жылдан кейін емес, бір айдан кейін алу мүмкін болды. Әскерге қабылданғандар «40 күндік әскер» аталатын курста борышын өтей алады. Оған 24 пен 27 жас аралығындағы әскерге жарамды, денсаулығына байланысты жарамдылығы шектелген және шақырылуы шегерілген азаматтар қатыса алады. Бұл әскер түрі ақылы – 263 318 мың. теңге.

СНХ: ЖАНАТАР ҚҰСАЙЫНОВ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТӘРБИЕШІСІ: Міне, бүгінгі күні 39 адам ант қабылдады. 40 күн оқыды. Әскери техникаларға, әскери автоматтарға үйренді. Өздерінің сабақтарын алып 40 күн ішінде, бәрін игеріп ант қабылдап жатыр.

РКС: 40 күндік оқу-жаттығу кезінде сарбаздар әскери қызметшілердің жалпы міндеттерімен танысады, жаттығу әдістерін және дене шынықтыру жаттығуларын меңгереді. Негізгі мақсат-Қазақстанның Қарулы Күштеріне әскери техникалық мамандарды даярлау.

СНХ: АЛМАС НӘРКЕН, САРБАЗ: Астана қаласынан осы Көкшетау қаласына, Щучинск филиалына 40 күндік өзімнің Отан алдындағы борышымды өтеуге келдім. 40 күн ішінде біз әскерлердің қандай тәртіппен өмір сүретіні және де атыс шараларын қалай өтетіні, бәрін үйрендік. Щучинск филиалының мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Күн ішінде біздің білмеген нәрселерімізді бәрін үйреткен үшін үлкен алғыс білдіремін.

РКС: 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда әскерден қашқандарға заң талаптары да қатаң. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Егер әскерге шақыртылған азамат шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ