ДИКТОР: Күні кеше ғана Лондонда Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Екі елдің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына 5 рейс жүзеге асырылмақ. Алматы - Лондон - Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді. Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты. Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде «Эйр Астана» әуекомпаниясы жыл соңына дейін Лондонға рейстер санын аптасына 7 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік бермек.