ДИКТОР: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» бұйрыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес енді елімізде кедейлік шегі жаңа есептеу тәртібі бойынша айқындалмақ. Бұйрыққа сәйкес Қазақстан бойынша кедейлік шегі 1 шілдеден бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 проценті мөлшерінде белгіленеді. Ал 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 50 пайызы мөлшерінде айқындалады. Құжат 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетейік, қазір кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне тең. Демек, қазір күнкөріс деңгейі 40 565 теңге болса, оның 70 пайызы – 28 397 теңге.