ДИКТОР: Мемлекеттік қызметкерлер арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру қажет. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен отырыста мемлекеттік органдардың басшылары осындай қорытындыға келді. Әкімдіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы қалай жүргізілуде? Тілші баяндасын.
РКС: Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдері қолданылады. Бұл шараларға барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылған. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін әрбір мемлекеттік органның кәсіби жауапкершілігін көтеру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты өңір басшысы аудандар мен қалалардың барлық әкімдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша және нысандарды салу кезінде пара алу тәуекелдерін азайту мақсатында жұмысты қарқынын күшейтуді міндеттеді.
СНХ: МАРАТ ӘУБӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыста жыл басынан бері жоба құрастырушылар мен құзыретті тұлғаларды қатысқан 4 техникалық кеңес өткізілді. Техникалық кеңесті құрудың басты мақсаты- құрылысқа жауапты тұлғалардың құқықтық сауаттылықты арттыру және заңгерлік көмек көрсету болып табылады. Бұл Ақмола облысы нысандарының құрылыс сапасын жақсартуға оң әсер етеді.
РКС: Субъектілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормалары мен міндеттері заңмен бекітіліп, тиісті шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің басшысы Арман Рахимов ауылдық округ әкімдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жобаларды уақтылы және сапалы іске асыруды қамтамасыз етудің де маңызы зор.
СНХ: АРМАН РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ауылдық округ әкімдеріне өз біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлу қажет.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі отандық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұраныстары негізінде үнемі жетілдіріліп отырады. Типтік базалық бағыттар да енгізілген. Бүгінгі таңда бұл жұмысқа жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік 90 қызметшісі тартылды. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешен институтын дамыту.
РКС: Сондай-ақ, өңір басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың артқанын атап өтті. Бұл көрсеткіштерді азайту мақсатында типтік базалық бағыттар өңірдің квазимемлекеттік секторының 78 ұйымында енгізілді.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ