ДИКТОР: Елорда маңында орналасқан Қосшы қаласына қала санаты берілгеніне биыл екі жыл. Қысқа мерзімнің ішінде шаһардағы әлеуметтік-инфрақұрылымды дамыту басты назарда. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев елдімекендегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
РКС: Қосшы қаласында қаланып жатқан 1500 орындық мектептің құрылыс жұмысы қызу жүріп жатыр. Білім беру мекемесі биыл пайдалануға берілмек. 3 қабатты мектептің жалпы аумағы 16 742 шаршы метр. Жұмыс 85 процентке аяқталған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Дайындықтарыңыз жақсы. Мерзімі бойынша үлгеріп жасап жатырмыз. Жұмыс осы қарқынмен жалғаса берсе, 15 маусымға қараай пайдалануға беріледі. Оқу жылының басында бәрі тап таза, сақадай-сай болады деп үміттенемін. Облыстық білім басқармасы мектеп мұғалімдерін даярлауы қажет. Тағы да балалардың жайын сөз еткім келеді. Бәрі де дұрыс жасалуы қажет. Өкінішке қарай, қазір елордаға қатынап оқып жүрген балалар бар. Оларды осында ауыстырамыз. Сондықтан да мұны да ескеріп, қолға алу қажет.
РКС: Ал келесі жылы 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталмақ. Білім ошағы автономды жылы беру және орталық сумен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады. Қазір мекеменің құрылысын аяқтауға 2 млрд.800 теңге жеткіліксіз. Өңір басшысы қаржылай қолдау көрсету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, жұмысшылар санын арттырып, нысанды мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
Интершум:
- Қазір 40 процент істелінді. Мамырдың аяғына дейін 50 процентке шығамыз. Қазір котельный істелініп тұр.
- Коробканы қашан жабасыздар?
- Коробканы осы айда жабамыз.
- Төбесін?
- Төбесінің плитасын жауып жатырмыз. Кейін шатырын істейміз. Қазір акт залын істеп жатырмыз. Мына жерде асхана болады. Осы енкі блокты паралельно істеп жатырмыз.
РКС: Спорт кешенінің де құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Нысан 2024 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілмек. Спорт кешенінде оқушыларға арналған бассейн, күреспен және спорттық ойын түрлерімен айналысу үшін жабдықталған алаңдар ашу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 1,1 млрд. теңге.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Алға қарай ілгері жылжып, жылдамдатамыз. Ауа райы да қолайлы болып тұр. Қала халқы үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешені өте қажет. Өкінішке қарай, балалардың баратын жері жоқ. Олар елордаға қатынап барады. Қазір міне мектеп құрылысының аяқ алысы жаман емес. Мәдениет үйін де салып бастаймыз. Саябақтар, аллеялар салу жоспарланып отыр. Мұның бәрі қаламыздың жағдайын жақсартуға бағытталған. Елдімекеннің қысқа мерзімде қала кейпіне енгені қажет.
РКС: Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қосшы қаласының жол трассаларын салу жоспары мен қала маңындағы Тайтөбе ауылының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жағдайымен танысты.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ