ДИКТОР: Кеңес Одағының батыры, академик жерлісіміз Мәлік Ғабдуллиннің Қаныш Сәтпаевпен сыйластығы жайында жазба өте көп. Сәтпаев ғылым академиясының негізін қалаған сан қырлы тұлға. Бұдан бөлек, қазақ тарихы мен әдебиеті, өнеріне де атсалысып, осы саладағы белгілі өкілдермен тығыз қарым-қатынаста болғаны туралы да дерек көп. Солардың бірі – академик, Кеңес Одағының батыры, филология ғылымдарының докторы Мәлік Ғабдуллин. Батырдың музейі мен Алматыдағы Қаныш Сәтпаев мемориалды музейі арасындағы екіжақты меморандум аясында көшпелі көрме ұйымдастырылды.
РКС: Қос ғалымның арасындағы аға-інілік, тұтас-тұрғылас көрнекті азаматтар ретіндегі араластық-сыйластық көрмеде әр жылдары жазылған хаттарда көрініс тапқан. Көшпелі көрменің мақсаты - Көкшетау жұртшылығына Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Мәлік Ғабдуллинмен екеуінің арасындағы ағалық-інілік қарым-қатынасты өскелең ұрпаққа үлгі ету. Көрмеге академиктің мемориалды музейі қорынан жинақталған жәдігерлер қойылды.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Біз Қаныш Сәтпаевтың өмірінің оның мына әлемдік деңгейдегі ғалым екеніне тағы бір көзіміз жетті. Өйткені мына көрмеге қойылған суреттерді де қарасаңыздар әлемдік аты бар академиктармен, әлемдік аты бар ғалымдармен тығыз байланыс жұмыс істегендігі және осы Қазақстанның кен орын игерудегі, Москвада съезде сөйлеген сөздерін көріп үлкен зор ғанибетке бөленіп отырымыз
РКС: Қаныш Сәтпаевтың ғылыми мұрасын кеңірек ашып, жұртшылыққа жеткізу ісі жалғаса бермек. Тау-кен инженер ретінде Томскіде оқып білім алған. Қазақтың ғана емес, Орталық Азияның тұңғыш академигі болып сайланған дара тұлға.
СНХ: БАЗАРБАЙ АЛТАЕВ, Қ.СӘТПАЕВ МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ (АЛМАТЫ): Мәлік Ғабдулиннің музейінде өтіп жатқан көрме бір-екі ай бұрын көкшетаулықтар Алматыға келіп, осындай көрмені ұйымдастыру жөнінде ұсыныс берген болатын. Міне сол қол қойылған бірлескен меморандумға сүйене отырып, сол жылжымалы көрмені біз бүгін Көкшетауға алып келіп, зиялы қауым өкіліне, жұртшылыққа жария етіп отырмыз.
РКС: Ұйымдастырушылар тағылымы мен маңызы зор мұндай көрменің әсіресе өскелең ұрпаққа берері мол екенін айтуда. Ғалымның мол мұрасын одан әрі насихаттау мақсатында жылжымалы көрме республиканың барлық өңірінің жұртшылығына таныстырылады деген жоспар бар. Өйткені, келері жылы Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл толады.
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ