ДИКТОР: Халықтың тұрмысын, өмір сапасын жақсарту, табысын ұлғайты. «Аманат» партиясы сайлауалды бағдарламасының жол картасына енгізілген бағыттар. Осыған орай 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» облыстық Жол картасы жобасы партияның орталық аппаратында қарастырылды. «Аманаттың» облыстық филиалы саяси кеңесінің бюросында бұл мәселе тағы бір пысықталды.
РКС: Бүгінгі таңда Жол картасының пысықталған жобасы бойынша 100-ден астам шараны жүзеге асыру көзделген. Оның басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына тиесілі.
СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «AMANAT» партиясының орталық аппараты өңірлік Жол картасын қорғау қорытындылары бойынша 32 ескерту берді. Оның ішінде жаңа іс-шараларды енгізуге қатысты 18 ескерту бар. Барлығы облыстық басқармалармен пысықталды. Ескертулерді жою нәтижесінде өңірлік Жол картасына жаңа 19 іс-шара енгізілді. Аудан бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
РКС: Барлық жоба жүзеге асырылса, шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар саны артады деген жоспар бар. Оның тағы бір тиімді жағы 100 мыңға тарта ақмолалықты тұарты жұмыспен қамтуға жол ашылады. Осылайша, жұмыссыздық санын біршама төмендетуге қол жеткізілмек. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да оң әсері болады. 3 миллион шаршы метр баспана қолданысқа беріліп, 25 мыңнан астам ақмолалық қоныс тойын тойлайды. 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолын жөндеу де қарастырылған жобада. 30 мың оқушыға арналған бірнеше білім ошағын салу да жобада көрініс тапқан. Сондай-ақ 100-ден астам мектепке, 45 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жүргізу арқылы 7 мыңнан астам ұстаз бен ақ халаттылардың еңбек етуіне жағдай жасау жол картасында айқын көрсетілген. Халықты бұқаралық спортқа тарту ісі де басым бағыттың бірі. Облыс бойынша спорттық 13 нысанға жөндеу жұмысы жүргізіледі. Жол картасын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыру үшін аудан және қала әкімдері мен облыстық басқармалар жұмыла жұмыс істеуі қажет екені айтылды отырыста.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ