ДИКТОР: Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер Африкадағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекеттерге шұғыл түрде 2,4 млрд доллар бөлуге келісті. Қаржы қуаңшылықтан орын алған азық-түлік тапшылығымен күресу үшін қажет. Құрғақшылықтан Эфиопия, Кения, Сомали және Джибутиде 43 млн.адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Гуманитарлық шараларға 7 млрд доллар қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы аймақ тарихындағы ең ұзақ қуаңшылық екенін атап өтті. Түбекте көп жылға созылған қарулы қақтығыстардан тұрғындардың жаппай бас сауғалап көшуі белең алған. Азық-түлік тапшы. Осыған орай Бас хатшы әлем елдерін аймаққа жедел гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржылай қолдау білдіруге шақырды.