ДИКТОР: Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың сауалдарына жауап берді. Сала маманы 1 миллионға жуық ауыл жастарын жұмысқа орналастыру жөніндегі жоспарымен бөлісіп, 1,5 миллион азаматтың цифрлық сауаттылығын арттыру және ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуді қолға алатынын атап өтті.
РКС: Министрлік кері байланыс тетіктерін қалыптастыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен диалог форматында өзара байланыс құруды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда азаматтық сектордың қоғамдық кеңестердегі өкілдігі 23 процентке өсті. Вице-министрдің айтуынша, бұл қоғам үшін ашықтықты қамтамасыз етуге, қоғамдық кеңестердің құрамын жаңартуға мүмкіндік берді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мемлекет басшысы ақпараттық доктринаны бекітті, масс-медиа заңын, сондай-ақ ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобасын әзірледі. Қазір Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңнамалар жөнінде талқылау басталды. Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты елдермен ортақ медиа кеңістік құру қарастырылып отыр. Тик-Ток, Инстраграм, Ватсап сынды желілердің басшылығы кеңселер ашып, аймақтық өкілдерді тіркеді. Интерфейс пен Тик-Ток қазақ тіліне аударылды.
РКС: Министрлік еріктілер қозғалысын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Биыл волонтерлік 54 жоба іске асырылады. Бағдарламалар аясында 240 шағын грант беру жоспарланған. Сонымен қатар, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен волонтерлердің халықаралық форумы өтеді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Биыл журналистер күні қарсаңында онлайн-платформалар саласында енгізіліп жатқан заңнаманың жаңалықтары туралы іс-шара, атап айтқанда цифрлық контент бойынша медиафорум өткізу жоспарланып отыр. Мектеп кеңесін, пікірсайыс клубтарын құру үшін мектеп оқушыларын шешім қабылдау процесіне жастарды бірте-бірте араластыратын боламыз. Нәтижесінде 2029 жылға қарай біз қоғамдық салалардағы жастардың квотасын 20 процентке көтереміз деп отырмыз. Мемлекеттік жас қызметшілердің көрсеткішін 25 процентке дейін арттыруды және 2 миллионнан астам жастарды еріктілер, қайырымдылық және экономикалық бастамаларға тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, өңірлердегі 2 мыңнан астам жасқа арналған мекемелердің инфрақұрылымын одан әрі дамыту қарастырылып отыр.
РКС: Сондай-ақ, жастарды дамытуға арналған жобалар мен волонтерлік бастамаларды іске асыру мақсатында гранттық қаржыландырудың саны артады. Жыл сайын жастардың зерттеу еңбектеріне 1 мың грант бөлінеді. Жастар ресурстық орталықтары базасында өңірлік IT-хабтарды ашу бойынша жұмыс жүргізіліп отыр.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ