ДИКТОР: «Мұражайдағы түн» акциясы кезінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайына 1 мыңнан астам адам келген. Қала тұрғындары мекемеге кешкі сағат 8 бен 12-нің аралығында барып, түрлі мерекелік іс-шараның куәгері болды.
ИНТЕРШУМ: концерттік бағдарламаның басталуы
РКС: Жыл сайын өткізілетін акция концерттік бағдарламадан бастау алды. Іс-шараның басты эспонаты «Атбасар-атамекенім» атты құрылым болды. Мұражай аумағында жәрмеңке мен көрмелер ұйымдастырылып, түрлі ойын өткізілген. Сонымен қатар, қала тұрғындары өнерпаздармен бірге ән салып, көңіл көтерді.
СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Музейде сиқырлы орманымыз бар, онда түрлі жануарлардың тұлыптары қойылған, балалар үлкен қызығушылық танытып отыр. Қарапайым шаруалардың тұрмыс-салтын да көрсеттік. Қыш ыдыстар жасайтын орын да бар. Әр локацияда көптеген қызықты интерактивтер ұймдастырылған. Оларға қатысып, тілек тілеп, фотоға түсіп, бір-біріңізбен таныса аласыздар.
РКС: Мұражайдың ішінде келушілер тарихи тұлғалар жөнінде тың ақпараттармен танысты. Бұл түні кейбір экспонаттарға қайта жан біткендей. Олардың ішінде ежелгі адамдар, алашордашылар, хандар, батырлар бар. Көрме залдарының бірінде мемлекет қайраткері Еркін Әуелбековтің мүсіні болды. Тұрғындардың көбі іс-шараның мұндай форматына зор қызығушылық танытады.
СНХ: МИЖГОН ДУСМАТОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл мұражайға алғаш рет келуім. Маған өте ұнайды, керемет атмосфераға ендім. Ғажап. Қайта-қайта бәрін фотоға түсіріп жүрмін. Барлық тұрғындарға бұл мұражайға келуге кеңес беремін.
РКС: Келушілерге арнап мұражай қызметкерлері кинеотеатр дайындады. Тұрғындар «Радуга» кинопроекторында ойналатын ақ-қара түсті фильмдерді көріп, өткен заманға қайта оралғандай болды. Сондай-ақ, мұражай аумағында Ақан сері мен Айғаным ханшаның этноауылы құрастырылып, театрландырылған қойылым ел наразына ұсынылды.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ