ДИКТОР: Әлемде соғыс пен қарулы қақтығыстардан босқындардың қарасы күрт көбейді. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық мемлекетті халықаралық гуманитарлық құқықты сақтап, бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды. Себебі әскери қимылдар көптеген елді аштыққа ұшыратқан. Соңғы дерекке сүйенсек былтыр 115 миллионнан аса адам қарулы қақтығыстардан ашаршылыққа душар болған. Және 100 миллион адам босқынға айналған.