ДИКТОР: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының тұрғындарымен кездесті. Елдімекендегі мәселелер талқыланып, аймақ басшысы жолданған сауалдарға қатысты шешімін айтты. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аудандағы құрылыс және сауда секторы ақсап тұр.
РКС: 3 ауысымдық оқыту мәселесін шешу мақсатында Балкашино ауылында 2018 жылы №2 орта мектебі падалануға берілді. Білім ошағы 200 оқушыға шақталған. Қазір мекемеде 321 білім алушы бар. Мектепте түрлі заманауи сынып жұмыс істейді, сондай-ақ әлеуметтік осал топтың балаларына қолдау көрсетіліп келеді.
СНХ: ФЛОРЕНТИНА КЕЛЛЕР, БАЛКАШИНОДАҒЫ №2 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 127 оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражаттың есебінен тегін тамақтандырылады. Оның 40-ы 1-ші және 2-ші сынып оқушылары. Ал қалғаны әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар. 194 бала ата-ана қаражатының есебінен тамақтандырылады.
РКС: Аудан аумағында туризмді белсенді түрде дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында астықты өңдеу және сақтау мәселелері шешімін таппақ. Осылайша, биыл 3 млрд теңгеге жуық қаражат есебінен инвестициялық 8 жоба іске асырылады. Өңір басшысы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс пен сауда-саттық саласында Сандықтау ауданының көрсеткіштері төмен екенін сынады.
СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауданның даму қарқыны жыл санап төмендеп барады. Оның немен байланысты екенін білмеймін. Біз сіздерден мүмкін емес дүниені сұрап тұрғанымыз жоқ. Нақты сандар қажет. Шаршы метрлер, құрылыс нысандары, инвестиция мөлшері қажет. Мемлекет басшысы осы мәселелерді алға тартып отыр. біздің де айтпағымыз осы. Жұмыс орындары, бюджетке түсетін кірістердің саны қажет. Өкінішке қарай, ауданның көрсеткіштері төмен.
РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев жаңа нысандардың құрылысын қысқа мерзімде аяқтауды талап етті. Сондай-ақ, Сандықтау ауданының тұрғындары өңір басшысына жол, жер телімдері, құрылыс және абаттандыру мәселелеріне қатысты сауалдарын жолдады.
ИНТЕРШУМ: құрылыс мәселесін талқылау
РКС: Облыс әкімі барлық мәселені өз бақылауына алып, қадағалайтынын айтты.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ