ДИКТОР: «Зеренді 2023 – өз жолым» атты туристік слетте 115 қатысушы бақ сынасты. Көкшетау қаласы, Ақкөл, Атбасар, Зеренді, Сандықтау аудандарынан жасақталған 25 команда спорттық қашықтықта және конкурстық бағдарламада өз өнерлерін көрсетті.
РКС: Спорттық туризм - бұл спортты, сондай-ақ адамның демалыс уақыты мен физикалық белсенділігін біріктіретін туризм саласындағы қарқын алып келе жатқан бағыттың бірі. Жыл сайын өткізілетін слет туристік көпсайысты дамытуға, насихаттауға, жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар барысында облыстың құрама командалары қалыптасып келеді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕФРЕМОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Қашықтыққа жарысу кезінде қатысушылар туристік жабдықтардың көмегімен табиғи кедергілерден өтеді. Сондай-ақ, осы сайыта командалардың техникалық дағдысын, жалпы дайындығын байқауға болады.
РКС: Қатысушылар жаяу жүргіншілер туризмінің техникасы және жартасты рельефті бағындыру айналымдары бойынша бағаланды. Ал конкурстық бағдарламада команданың ұпайы бірнеше критерийлер бойынша қойылды. Олар - «Туризм» және «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыптарының ашылу деңгейі, команда мүшелерінің саны, авторлық креативтілігі, өз өнерін көрсетудегі сапасы, ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, костюмдерді ұсынудағы ерекшеліктер.
СНХ: ЭЛИНА ПАНКИНА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ): Мен туризмдік көпсайыспен 5 жылдай айналысып келемін. Бүгінгі жарыс қызу өтуде. Біз командалық кросс-жорықтан, аспалы өткелдерден өтеміз. Оларды өзіміз тартамыз. Арқандарды тарту, рюкзактармен жүгіру өте қиын.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша ересектер арасында Зеренді ауданының командасы 1-орынды иеленсе, ал жастар арасында өткен сайыста Көкшетау қаласының командасы бас жүлдені еншіледі. Слет жеңімпаздары арнайы сертификаттармен марапатталды.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ