ДИКТОР: Көкшетаудағы саяжай тұрғындары бірқатар мәселелерді көтеріп, қала әкімімен кездесу өткізді. Меншік иелері мен бау-бақша серіктестігінің төрағасы арасында келіспеушілік бар.

РКС: Красный Яр тас жолындағы 4-ші саяжай учаскесі бау-бақша серіктестігінің өкілдері мен жергілікті тұрғындар ортақ пікірге келе алмай отыр. Тұрғындардың айтуынша, 2020 жылы кооперативтің жалпы жиналысында жаңа төраға тағайындалған. Содан бері жарық бағасы мен жылдық мүшелік жарна көтеріле бастапты. Тұрғындар бағаның өсуіне наразы және бұл негізсіз деген пікірде.

СНХ: ЖАНСАЯ САТЛАБАЕВА - «4-ІНШІ САЯЖАЙ» КООПЕРАТИВІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Бізде 4-інші саяжай кооперативінде жалпы есепте 40 үй бар. Тұрғындар бірлесіп әкімдікке ұжымдық хат та жазған болатынбыз. Жарық үшін олар белгісіз шығындарға байланысты төлемді көтерді. Соңғы уақытта олар 1 КВТ үшін 25 теңгеден жинай бастады, бұған дейін олай болмап еді. Бізде өз құдығымыз бар, бірақ бізден құбырларды ауыстыру үшін 35 мың теңгеден төлеуді талап етуде. Біз мұндай соманы төлей алмаймыз. Алайда біз мүшелік жарналарды төлемесек, жарықты өшіреміз деп отыр.

РКС: Бау-бақша серіктестігінің өкілдері оларға айтылған шағымдармен келіспейді. Барлығы заң шеңберінде деп түсіндіруде.

СНХ: РЕГИНА КИРГАБАКОВА - БАУ-БАҚША СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫСЫ: Қыста да тұратын саяжай иелері су үшін ақша төлегісі келмейді. Ал, жазда ғана тұратындар кооперативтің қыста жұмыс істегенін қаламайды, трансформаторды өшіруді сұрайды. Осы негізде түсініспеушіліктер орын алады. Кооператив шығандары барлығына тең үлеспен бөлінеді. Жарыққа келетін болсақ, бізде өте үлкен шығындар бар, қыста 14-15 мың КВТ тұтыну, ал жазда 15 мың КВТ тұтыну бар. Мүмкін біреу біздің жарықты ұрлайды, себебі бізде электр энергия шығындары көп. Барлық бағаналар жарамсыз күйге түскен.

РКС: Қала әкімі Бауыржан Ғайса кооперативке қатысты барлық мәселелер жиналыста шешілуі тиіс екендігін айтты. Оны өткізу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қалалық мәслихат төрағасы мен "Көкшетау Энерго"серіктестігінің директорына проблемаларды шешуге жәрдемдесуді ұсынды.

АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ