ДИКТОР: Облыс орталығында алғаш рет муай-тай бойынша ашық чемпионат өтті. Оған республиканың түрлі қалалары мен облыстарынан 8 бен 18 жас аралығындағы 150-ден аса спортшы қатысты. Ашық чемпионатқа қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, шаршы алаңда өз шеберліктерін көрсетті. Бұл спорт түрінің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бокстың дамуына үлкен үлес қосқан Владимир Штанников бүгінде аймақтағы Тай боксын жетілдіруді жалғастыруда.
СНХ: ВЛАДИМИР ШТАННИКОВ - МУАЙ-ТАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің спорт түріне көп адамдар қызығушылық танытып, жайкүйер болуда. Қатысушылар Алматы, Қызылорда, Щучинск қалаларынан келді. Спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде. Мұнда біз бірге жұмыс істеген жаттықтырушы және кикбоксинг бізге әрқашан көмектеседі. Барлығына алғысымды білдіремін!
ИНТЕРШУМ: жекпе-жек
СНХ: ЕСБОЛАТ СЫЗДЫҚОВ - ЖАТТЫҚТЫРУШЫ (ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ): Біз ұлымызбен Түркістаннан келдік. Бізді жақсы қарсы алды. Мен өзім олимпиадалық резерв мектебінде кикбоксинг бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Бүгін менің тұңғыш балам Серіктің алғашқы жекпе-жегі. Турнир жоғары деңгейде өтуде, қарсыластардың дайындығы мықты.