ДИКТОР: Көкшетау футбол әуесқойлар лигасы маусымды қорытындылады. 4 лиганың әрқайсында жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. Жоғары лиганың жүлдегерлері келер жылы футзалдан Қазақстан чемпионатында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
РКС: Көкшетауда қысқы футзал маусымы алғаш рет қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп өтті. Ведомство шағын футбол бойынша жазғы маусымда да ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Қатысушы командалар арасында студенттік ұжымдар, кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ ерікті бірлестіктер бар.
СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙ - КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФУТБОЛ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бүгін біз "Достар" мәдениет үйінде маусымның жабылуын өткізіп жатырмыз. Біздің маусым қарашадан сәуірге дейін созылды, 4 лигаға 50 команда қатысты: Суперлига, А лигасы, Б лигасы және 35+ ардагерлер лигасы .
РКС: Әр команда 10-нан астам матч өткізді. Маусым қорытындысы бойынша төрт лиганың үздік ойыншыларына бағалы мен сыйлықтар табысталды.
ИНТЕРШУМ: марапаттау
СНХ: ДАМИР МҰҚАТОВ - «SENIM» КОМАНДАСЫНЫҢ ФУТБОЛШЫСЫ: Маусымның қорытындысы бойынша біз 14 ойын өткізіп Б лигасында бірінші орынға ие болдық,. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз, ойын көңілімізден шықты. Біз қазірдің өзінде А лигасында ойнаймыз деп үміттенеміз, жеңіске жетеміз деп кәміл сенеміз.
СНХ: ҚАЙЫРБАЙ ЖАНҰЗАҚОВ - «КЕРЕЙ КӨКШЕ» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Маусым өте қызықты болды, интрига соңғы матчтарға дейін сақталды. Бізге жеңіске жетуге сәл сәттілік жетіспеді. Футболшылар соңғы матчқа дейін әдемі ойын көрсетуге тырысты.
РКС: "Senim" медицина қызметкерлерінің командасы Б лигасында чемпион атанды, "Сұлтан"ұжымының футболшылары ардагерлер Лигасында алтын медальға ие болды. Ш. Уәлиханова атындағы Көкшетау университетінің құрамалары, "Көкшетау Энерго" және "Бекет" суперлиганың турнирлік тұғырын бөлісті. Олар келесі жылы Футзалдан Қазақстан чемпионатында Ақмола өңірінің атынан өкілдік ету құқығына ие болды.
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ