ДИКТОР: Қорғалжын ауданындағы елдімекендердің жолдарына орташа жөндеу жасау үшін биыл 569 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Берік Жанбаев мәлімдеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар аудан жетістіктері мен жоспарлар жайлы баяндады.
РКС: Қорғалжын ауданының бірінші тоқсанында негізгі капиталға инвестиция 134,6 млн теңге болды. Аудан бойынша 19 негізгі жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Бұл жобалар қолдауға ие болып, қаржыландыру жүріп жатыр.
СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІ: Жалпы аудан бойынша ең маңызды жобалардың бірі - дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы. Қазіргі таңда бұл жобаға 400млн ақша шотқа аударылып, құрылыс жұмыстары басталды. Аудандағы елдімекендердің жолдарына орташа жөндеу жасау үшін облыстық бюджеттен 569 млн 172 мың теңге, жарықтандыруға 89 млн 265 мың теңге ақша бөлінді. Конкурстар ұйымдастырылып, мердігерлер жұмысына кірусіде.
РКС: Қорғалжын ауданынындағы тағы бір өзекті мәселелердің бірі – мәдениет саласындағы әлеуметтік нысандардың жоқ болуы және су проблемасы. Бұл мәселелерді шешу жолында жобалар жасалынып, инвестиция тартылуда.
СНХ: БЕРІК ЖАНБАЕВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ӘКІМІ: Сабынды және Шалқар ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге 17 млн қаражат бөлінді. Тағы да бір қара халықты алаңдатып отырған мәселелердің бірі – су проблемасы. Аудан бойынша 18 елдімекеннің 12-сі Сабынды-Қорғалжын магистралі арқылы сумен қамтамасыз етілген. Шағын 5 ауыл жеке су тазарту модульдарына қосылған. Қазір осы ауылдардың суларының филтрін ауыстырып, құбырлардың жөндеу жұмыстарына 27 млн ақша бөлінеді деп жоспарланып отыр.
РКС: Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң көрсеткіштерді сақтау үшін биылғы жобалар қатаң бақылауда болмақ.
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ