ДИКТОР: Қылмыстық-түзеу мекемелерінде ер азаматтары мен қатар әйелдер де еңбек етіп жүр. Олардың жұмысы физикалық және моральдық тұрғыдан ауыр. Қарауылда тұратын қыздар күнделікті тексерісте өздерін «әлсіз» жандар қатарынан емес екендігін дәлелдеп келеді. Біздің түсірілім тобымыз Көкшетаудағы қылмыстық-атқару жүйесінің №65-інші мекемесінде болып, ондағы қызметкерлермен танысты.

ИНТЕРШУМ: сап түзеу

РКС: № 65 мекеме қызметкерлері үшін жұмыс күні арнайы жабдықтарды алу және сап түзеуден басталады. Еркектермен қатар қыздар да сапта тұр. Әділет майоры Мәдина Телжанова қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жылдан астам қызмет атқарып келеді. Ол осы мамандықты таңдағанына еш өкінбеген.

СНХ: МӘДИНА ТЕЛЖАНОВА, ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ №65 МЕКЕМЕНІҢ РЕЖИМ ЖӘНЕ КҮЗЕТ БӨЛІМІ ТЕКСЕРУ ТОБЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Әрине, қиындықтар бар, дегенмен әйелдер еркектермен бірдей, жұмыс істеу қиын. Олар сияқты жауынгерлік дайындықта болу керек, сондықтан біз осында шыңдаламыз. Жылдар өткен сайын біз өз жұмысымыздың қиындықтарын, ерекшеліктерін отбасылық өмірмен ұштастыруды үйрендік, өйткені бұл жерде қатаң болу керек. Ал балаларға нәзік әрі қамқор ана болуымыз керек.

РКС: Толық тексеру - қамауда отырғандар камераларына тыйым салынған заттарды алып кірмеу үшін жасалатын рәсім. Қарауылда тұрған қыздардың көзінен еш зат жасыру мүмкін емес. Барлық жеке заттар, кереуеттер мен демалыс орындары мұқият тексеріледі.

ИНТЕРШУМ: тексеру рәсімі

РКС: Тәртіп сақшысы болу Валерия Ноздринаның бала арманы. 6 жылдан бері № 65 мекемеде әділет сержанты есеп жүргізіп келеді. Ол осындай ерекше жұмыс орнына бейімделу қиын болғанын мойындайды, бірақ уақыт өте келе Валерия өз ісін жақсы көріп кетті.

СНХ: ВАЛЕРИЯ НОЗДРИНА – ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ № 65 МЕКЕМЕНІҢ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ БӨЛІМІНІҢ ЕСЕП ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ: Жұмыс күрделі, мұқияттылықты, назар аударуды және жауапкершілікті талап етеді. Бірақ сот үкімдерін зерделеуге, сауалнамалық деректерді толтыруға байланысты болғандықтан, өзінше өте қызықты. Ұстау мерзімін бақылау, сотталғандардың жеке істерін қалыптастыру, тергеу органдарымен, қорғаушылармен және басқа да ведомстволық органдарымен өзара іс-қимыл жасау стандартты жағдай емес. Бірақ уақыт өте келе үйреніп қалдым, өз жолыма түстім және қылмыстық атқару жүйесі органдарына қызмет етуге келгеніме де өкінбеймін.

РКС: Нәзік жандылардың айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесіндегі жұмыс олардан тұрақты дене шынықтыру және психологиялық дайындықты талап етеді. Жалпы, Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінде 100-ге жуық әйел жұмыс істейді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ