ДИКТОР: Облыстық полиция департаментінде 20-дан астам түрлі ұлттың өкілі жұмыс істейді. Әрқайсысы халықтың тыныштығы мен амандығын сақтау үшін күн-түн демей еңбек етуде. Осындай қызметкерлердің бірі – Геннадий Вездецкий. Ол қазақ тілін бала кезінен жетік меңгерген. Сондай-ақ, Генадий мемлекеттік тілді білу – әрбір азаматтың борышы деген тұжырымдаманы ұстанады.
ИНТЕРШУМ: домбырамен күй тартудан үзінді
РКС: Геннадий Вездецкий - Бұланды аудандық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі. 1994 жылы туған. Көкшетау жоғары техникалық колледжін тәмамдаған соң, әскери борышын өтеуге аттанды. Отан алдындағы борышын өтегеннен кейін, өз өмірін құқық қорғау органдарымен байланыстыруды ұйғарды. Ұлты поляк болғанымен, қазақ тілін жетік меңгерген. Оны қызметте де жетік қолдануда.
СНХ: ГЕННАДИЙ ВЕЗДЕЦКИЙ, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ КІШІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: Әскерден кейін менің өмірім қатты өзгеріп кетті. Спорт жағынан болсын әскерде болсын. Азамттық өмірде сантехик, альпинист болып істедім. Бар жұмысымды тастап, органға кірейін деп жүрдім. Осындай ой болған. Бар күшімді жинап, документтерімді жинап, медосмотр өттім. Павлодардағы оқуға өтіп, бітірдім. Осылай Бұланды ауданының Макинск қаласында кіші жедел уәкіл полиция қатарындағы Вездецкий болып жұмыс істеп жатырмын.
РКС: Поляк болсам да, жан тәнімен қазақпын,-дейді Геннадий. Ақкөл балалар үйінде тәрбиеленген кезде мемлекеттік тілді үйренуге кірісті. Қазақ тілінде білім алды.
СНХ: АЛМАГҮЛ ЖАНШҮГІРОВА, ГЕННАДИЙ ВЕЗДЕЦКИЙДІҢ ҰСТАЗЫ: Вездецкий Геннадий Ақкөл балалар үйіне 3-сыныпта келген. Барлық оқушының алдына мен осындай талап қойдым: қазақ тілінде жақсы сөйлеу. Ең бірінші сөз байлығын дамыту. Сол себепті Ақкөл балалар үйі бізде көптеген жұмыс атқаруда. Генадий кішкентай жасынан көп үміт сыйлап, мен үміттеніп осы баламен жұмыс істедім. Қанша уақыт өтті. Бүгін алдарыңызда патриот отыр. Ең бірінші мен ойлаймын бұл қазақ тілін осындай ұлтжандық тәрбие алғаннан кейін бүгінгі уақытта ол буздің Қазақстанымызға қаншама үлес қосады деп үміттенемін.
РКС: Геннадий Мемлекет басшысының «Мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың парызы» деген сөзін жиі айтады. Сондықтан болар, ол бұл ұстанымын сенімді түрде жалғастыруда.
АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ