ДИКТОР: Қазақ елінің батыры, Амангелді Имановқа биыл 150 жыл толып отыр. Соған орай жоғары техникалық колледжінде әдеби танымдық іс-шара өтті.
РКС: «Амангелді Иманов көтерген үміт туы-азаттықтың сәулесі» атты іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұстаздары мен мәдениеттанушы ғалымдар қатысты. Олар ұлт азаттық көтерілістің тарихтағы маңызын өскелең ұрпаққа тағы бір түсіндірді.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Халқымыздың тарихында кешегі мынау ұлт азаттық көтеріліске, Ресейлік патшалық отаршылдыққа қарсы ұрандап шыққан қахаһармандардың бірі. Арғы атасы Имам Кенесары ханның батыры болған. Өзі Кенесарының ізін жалғастырып сондай мына жаңағы мұздай темір құрсанған Ресей патшалығына қарсы халқын алып шыққан 50 мың сарбазға дейін сарбазы болған қаһарман тұлға.
РКС: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қазақ халқының көптеген зиялы қауымы қатысты. «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар тарихта өшпес із қалдырды. Сонымен қатар 2 мыңға жуық батырдың әлемге аты әйгілі болмаса да, тәуелсіздіктің түндігін түрді.
СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Негізгі мақсатымыз, өскелең ұрпаққа потриоттық тәрбие беру. Жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелеу болып табылады. Жастардың алары көп. Себебі кітаптан оқу бір басқа, ғалымдарды, ұстаздарды тыңдау олардың көзін көру деген сияқты, бұл басқаша деп ойлаймын.
РКС: Әдеби шара барысында студент жастар Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлының және өзге де ақындардың өлеңдерін, сонымен қатар Амангелді Имановтың батырлығы баяндалған үзінділер де оқылды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ