ДИКТОР: Қазақстан Республикасының құрметті байланысшысы Қапар Айтуғанов өңірдегі байланыс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның еңбек өтілі 40-жылдан асқан. Бір жыл бұрын өмірден озған Қапар Сүлейменұлының құрметіне өзі еңбек еткен «Қазпочта» мекемесінің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
ИНТЕРШУМ: мемориалдық тақтаның ашылуы
РКС: Қапар Сүлейменұлы 1935 жылы Қызылту ауданына қарасты Жарқын ауылында дүниеге келген. Алматыда байланыс колледжін және Новосибирск электротехникалық байланыс институтын бітірген. 1958 жылы оқуын бітірген соң, жолдамамен сол кездегі Көкшетау облысының Ленинград ауданына жіберілді. Сол жақта болашақ жары Мүслимамен танысып, отау құрды. Бүгінде Қапар ағаның 5 баласы, 10 немересі және 15 шөбересі бар.
СНХ: ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, БАЛАСЫ: Көп рахмет облыс әкімі, қала әкіміне, Қаз поштаны басқарып отырған Қайрат Балапанұлына рахмет. Осылай еске алып, осы бір жыл болды әкемнің жоғына. Көкшетау ортасында осылай тақта ашып жатыр. Ағайын, туысқа көп рахмет.
РКС: 1975 жылы Қапар Айтуғанов Көкшетауға облыстық байланыс бөлімі бастығының орынбасары болып ауыстырылды. Оның еңбек кітапшасында екі-ақ жазба болған. Жұмысқа орналасқан және зейнетке шыққан күні.
СНХ: ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ҚАПАР АЙТУҒАНОВТЫҢ ЗАМАНДАСЫ: 50 жылдай уақыт бір-бірімізбен жақсы қарым-қатынаста болдық. Қызмет бабында екеуміздің де көздегеніміз - халыққа дұрыс қызмет көрсету, мезгілінде таратылатын байланыс саласының шаруашылықтарын орындау. Облыс көлемі үлкен болды. Ол кездегі жұмыс қазіргідей емес, байланыс саласында түсетін тауқымет мол болды. Газет, журнал, елге келетін сәлемдемелерді тарату жөнінде. Байланыс ол кезде жеткілікті болған жоқ, телефон байланысы өзі жетер жетпес болған уақыт қой.
РКС: Қапар Сүлейменұлының өз ісіне деген жауапкершілігі мен ерен еңбегі мемлекет тарапынан ескерусіз қалған жоқ. 1993 жылы байланыс министірлігінің бұйрығымен “Қазақстан Республикасының Құрметті байланысшысы” атағы берілді.
АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ