ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің құрылғанының 30 жылдығына арналған қоян-қолтық ұрыстан және өзін-өзі қорғаудан республикалық чемпионат өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық облысынан 200-ден астам спортшы қатысып, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының кубогы сарапқа салынды.
ИНТЕРШУМ: чемпионаттың ашылуынан көрініс
РКС: Спорттың 6 түрін қамтитын алғашқы бөлігі ақпан айында жүзуден өткен. Футбол мен волейбол, тапаншадан ату жарыстары алдағы уақытта өтеді. Үш күнге созылған жарысқа әр өңір мықты дайындықпен келген. Жарыс екі кезең бойынша өткізілді. Қоян-қолтық ұрыс және өзін-өзі қорғау бойынша турнир тартысты өтті.
СНХ: АРМАН КЕНЖЕБАЕВ, БАС ТӨРЕШІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы кубогына арналған жарысымызға 24 команда қатысуда. Бүкіл аумақтық органдардан, ведомствалардан командалар қатысып жатыр. Жарысқа 220-дан астам адам қатысып жатыр, оның ішінде 24 әйел қауымы, қалғандары ерлер.
РКС: Жарыс 5 салмақ дәрежесі бойынша қоян-қолтық ұрыстан өткізілсе, өзін-өзі қорғау бөлімінде 3 салмақта ерлер және 1 салмақ дәрежесінде нәзік жандылар өзара күш сынасты.
СНХ: ЕРБОЛ БАЙМҰРЗАЕВ, ШЕКАРА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Біз шекара академиясы қауіпсіздік комитетінен келіп тұрмыз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы кубогына жақсы дайындықпен келдік. Дайындығымыз 1 жыл көлемінде болды. Шекара академиясының спортшылары жақсы көрсеткіш көрсетті. Өзін-өзі қорғаудан біз екі алтын,бір күміс алдық. Қоян-қолтық ұрысынан үшінші орын алып тұрмыз. Жарыс өте жақсы ұйымдастырылған. Ұйымдастырушы тарапына, Ақмола облысының департаментіна үлкен алғысымызды білдіреміз.
ИНТУРШУМ: қоян-қолтық ұрыс барысындағы фрагменттен үзінді
СНХ: БЕКЗАТ ЖАСИЯ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ: Бүгінгі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы кубогына Ақмола облысына жарысқа келдім. Жарыстың чемпионы атандым. Осы жарысқа 3 ай көлемінде дайындалдым. Басқа да командалар үлкен дайындықпен келген. Жарыс өте тартысты өтті.
РКС: Үш күнге созылған тартысты сайыстың ең толқынысты кезеңі- марапаттау рәсімі. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні заңдылық. Қоян-қолтық ұрыстан жалпыкомандалық есеп бойынша Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті үздік деп танылып, кубок табыс етілді. Жүлделі екінші орын комитеттің орталық аппараты иеленсе, Қызылорда облыстық департаментінің командасы қола жүлдегер атанды. Өзін-өзі қорғау бойынша Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты 1-ші орынға шықты. Шекара академиясы екінші, ал үшінші орынды Түркістан облыстық департаментінің командасы еншілеп қайтты.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ