ДИКТОР: Жапония тұрғындарының саны алдағы 50 жылда үш есеге қысқарып, 87 млн адам болады деген болжам бар. Осылайша, 2070 жылы Тынық мұхиты елі тұрғындарының саны 2020 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға кемиді. Жаңартылған болжам бойынша, 2020 жылы 126,1 млн адамды құраған Жапония тұрғындарының саны 2056 жылдың өзінде 100 млн адамға жетеді. Былтыр жылына 800 мыңға төмендеген туу көрсеткіші 2043 жылы 700 мыңнан да аз болады деген болжам бар. Ал 2070 жылы 500 мыңнан төмен құлдырайды. 15 пен 64 жас аралығындағы Жапонияның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін ұстап тұрған тұрғындары 2020 жылы 75 млн адам болған. Институт болжамы бойынша, 2070 жылы бұл сегмент 45,3 млн-ға жетпек.