ДИКТОР: Міндетті әскери борышын өтеп келген жерлес сарбаздарды әскери қызметкерлер мен облыстық қорғаныс істері департаменті салтанатты түрде қарсы алды. Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан сарбаздардың туған-туысының қуанышында шек жоқ.

РКС: Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған 11 сарбаз отбасына аман-есен оралды. Олардың туған-туысқандары сән-салтанатымен қарсы алды. Құшақ-құшақ гүлдер салтанатты жиынның сәнін арттырды. Диас Айтмұқанбетов өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен, адал, қырағы орындады.

 СНХ: ДИАС АЙТМҰҚАНБЕТОВ, САРБАЗ: Былтыр біз осы жерден өз борышымызды өтеуге кеткен едік. Бүгін бізді салтанатты түрде қарсы алып жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Әр азаматтың міндеті елін қорғау.

РКС: Жиналған сарбаздарды облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің бірлестігі қарсы алды.

СНХ: ЖАНАТ ЕРЕЖЕПОВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сарбаздарды қарсы алуға келген сарбаздардың туған-туысқандары,достары өте көп келді. Бүгін олар үшін ерекше күн. 1 жыл ішінде олар шынығып,жаңа достар тапты.

РКС: Әскерден аман-сау оралған сарбаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Олар оқу орнына тегін түсу және әскери қызметті жалғастыру мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанның 40-тан астам университеті Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ қызмет еткен адамдарды қабылдауға дайын.

ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ