ДИКТОР: Чернобыль апатының орын алғанына биыл 37 жыл. Ірі техногендік апат зардабын тоқтатуға жұмылғандар қатарында 3 мыңнан астам ақмолалық болды. Адамзат қасіретіне айналған оқиға ардагерлері халық жадында мәңгі сақталады. Облыс және қала әкімдігі апат құрбандарына арналған ескерткішті жаңартқан. Сондай-ақ, оның жанында қала тұрғындары үшін саябақ салу жоспарланып отыр.
ИНТЕРШУМ: гүл қою сәті
РКС: 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль станциясында жойқын апат болды. Кеңес Одағы алғашқы төрт жыл ішінде апат салдарымен күресуге тырысты.Олардың қатарында ақмолалық азаматтар да бар. Бүгінде 300-ге жуығының ғана көзі тірі. Марат Жетеров сол кезде Кеңес армиясына әскери міндетін орындауға шақырылған.
СНХ: МАРАТ ЖЕТЕРОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бізге Чернобыль атом электр станциясының өзінде емес сол жерге жақын жерде болдық. Энергоблоктағы ядролық ректордың жалыны 30, одан соң 100 шақырымға дейін көтерілді. Ауаға радиоактивті сәуле тарап кетті. Біз бұл туралы білмедік. Адамдар қиналып,денсаулықтары нашарлай бастады.
РКС: Қысқа уақыт ішінде радиацияның келтірген залалы мен салдары қоршаған орта мен адамдарға зияның тигізді. Адамдардың көбі емделуі күрделі сәуле ауруларына шалдыққан. Чернобыль атом электр станциясындағы апаттан кейін тек радиациялық аурудың салдарынан 50 адам қайтыс болды.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді. Ардагерлерге емдеу тегін жүргізіледі. Олардың сауықтыру кешендеріне баруға мүмкіндігі бар. Олар бұл аймақтандыруды сұрады. Біз олар қалағандай етіп істеп бердік. Мұндай жұмыстарды жыл сайын істейміз. Біз бұл жойқын апатты әрдайым есімізде сақтап жүреміз.
РКС: Өздерін құрбан ете отырып Чернобыль апатынның зардабын жоюға 30 мың адам қазақстандық қатысқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, 4 мыңнан астамы ғана тірі қалды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ