ДИКТОР: Көкшетауда «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтті. Білім додасы осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жобаға қатысуға 4092 өтінім түскен. Олимпиада ауылдарда тұратын балаларды қолдау және тең бәсекеге жағдай жасап, білім алшақтығын қысқартуға арналған.
РСК: Бірінші кезең «Ел Үміті» қорының платформасында онлайн форматта өткен болатын. Тестілеу қорытындысы бойынша облыста жоғарғы ұпай жинаған 147 бала 2-ші кезеңге өтті. Тест 100 сұрақтан құрылған. Әр балаға 150 минуттан берілді. Қатысушылар келесі пәндер бойынша білімдерін сынады.
ИНФРАГРАФИКА МӘТІНІ:
 «Математикалық сауаттылық»
 Қазақ тілінде оқытылған оқушыларға арналған «Қазақ тілі»
 Орыс тілінде оқытатын оқушыларға арналған «Орыс тілі»
 «Ағылшын тілі»
 «Жаратылыстану»
СНХ: ЕРКІН ОРАЗОВ – «АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫ: Биылғы жылы 4000-нан артық Ақмола 6 сынып оқушылары тіркелген болатын. Бұл олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде балалар қашықтықта логикалық және математикалық сұрақтарға жауап беру арқылы 1-ші кезеңнен өткен болатын. Скл: Ерекшелігі жеңімпаз болған оқушылар Республикамыздың кез-келген мамандандырылған дарынды мектептерде емтихансыз түсе алады. Бұл және біздің оқушыларға ауыл оқушыларына тегін түсуге Республиканың кез-келген өңіріне мүмкіндік береді.
РКС: Ұйымдастырушылар бұл жобаға жіті дайындалған. Аудиториялардағы тәртіп қатаң бақыланды. Бейнекамералар қойылған. Тест компьютер арқылы тапсырылды. Барлығы оқушылардың өздеріне ғана байланысты.
СНХ: ЕГОР ДЬЯЧКОВ, ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫСЫ: Мен Николаевка ауылынан келдім. Бірінші кезеңнен сәтті өтіп, екіншісіне жолдама алдым. Алғашқы кезең мен үшін жеңіл болды. Бұл кезеңде айтарлықтай қиын емес сияқты. Егер мен «Мың бала» олимпиадасының жеңімпазы болсам программист бағытындағы мамандандырылған мектепте оқығым келер еді. Себебі маған компьютерде түрлі бағдарламалар жасаған ұнайды.
РСК: Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз балалар еліміздің жетекші білім ошақтары, Республикалық математика-физикалық мектебінде, «Білім-Инновация» лицейінде және «Дарын» мамандандырылған мектебінде оқуға мүмкіндік алады.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ