ДИКТОР: Ресейлік файтер Сергей Павлович UFC-дегі алтыншы жеңісінен кейін, ең ұзақ белсенді ерте жеңістер сериясына ие болды.Невада штатының Лас-Вегас қаласында UFC APEX аренасында өткен Павлович пен Кертис Блэйдс арасындағы турнирдің басты жекпе-жегі кезінде ресейлік спортшы алғашқы раундта-ақ жығып салды. Ресейлік спортшының оған дейінгі барлық жекпе-жегі бірінші раундта нокаутпен аяқталды. Осы алты жекпе-жекке барлығы 737 секунд, яғни 12 минут 30 секунд жұмсаған. Осылайша, ол UFC-де бес рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен қазақстандық Шавкат Рахмоновты басып озды. Оның ММА-да барлығы 17 жеңісі бар.Бірде-бір рет жеңілмеген.