ДИКТОР: Мемлекеттік қызмет саласына қатысты қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізілді. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметке орналасу кезіндегі кедергілерді жою және қызметтен босату тәртібін жеңілтеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылып отыр.
РКС: Ендігі кезде жоғары үлгерім көрсеткен университеттің түлектері мемлекеттік қызмет саласына конкурссыз түсу мүмкіндігіне ие болмақ. Бұл өз кезегінде білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, жас мамандардың аудандар мен ауылдық өңірлерге оралуын ынталандыруға бағытталып отыр. Сондай-ақ, өңірлердегі кәсіби кадр тапшылығын төмендетуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметке кіру үдерісін жеңілдетеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуын жақсы нәтижемен аяқтағандар бір жыл ішінде уәкілетті органдардың немесе оның аумақтық департаменттердің келісімі бойынша конкурссыз белгілі бір әкімшілік лауазымдарға орналаса алады.
СНХ:ДУМАН ӘБІЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақытта оқу орнын үздік бітірген маман, яғни оның GPA көрсеткіші 3,3 болса және бағасы жақсыдан жоғары болса, ол ауылдық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік органддардағы төменгі лауазымға кокурссыз тағайындалады. Сонымен қатар, біздің облысымызда уақытша іріктеу қағидалары енгізілген. Бұл қағиданың ең басты ерекшелігі – барлығы цифрландырылған, онлайн форматта ғана жүзеге асырылады. Бұрын мемлекеттік лауазымға орналасқысы келген адам өзі офлайне түрде құжат тапсырып, тест тапсырып, әңгімелесуге баратын болса, қазір үйден шықпай-ақ, е-қызмет порталында іріктеудің барлық кезеңінен өте алады.
РКС: Тағы бір жаңашылдық - ротациялық төлемнің енгізілуі. Мәселен, өзге елді мекенге ротациялау кезінде мемлекеттік қызметішлер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ал қызметтік баспана болмаған жағдайда, лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ротациялық төлемдер жүргізеді. Басқа елдімекенге қызмет бабымен қоныс аударған мамандарға төленетін ақыға қатысты шешімдерді Үкімет бекітетін еді. Ендігі кезде бұл процестерді мемлекеттік қызмет агенттігі жүргізеді. Сондай-ақ, мамандардың моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында әдеп жөніндегі кодекске де өзгерістер енгізілді.
СНХ: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылдан бастап пилоттық режимде жаңа жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өткім келеді. Ендігі кезде әкімдерді халық сайлайды. Тиісінше, сайланатын әкімдер ротациядан және сынақ мерзімінен босатылады. Сонымен қатар, оларға қатысты лауазымдарды төмендету түріндегі тәртіптік жазалар қолданылмайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі - сенімді жоғалтқанына орай саяси қызметкерді жұмыстан шығару Мұндай шешімді тек Президент қабылдайды. Сенімін жоғалтуға байланысты қызметінен босатылған маманның үш жыл көлемінде мемлекеттік қызметке кіруіне тыйым салынатынын да атап өткім келеді.
РКС: Облыс бойынша аудандар мен елдімекендердегі жергілікті органдарда кадр тапшылығы 12 процент. Жылдан жылға бұл көрсеткіш артып келеді. Енгізілген жаңашылдықтар мәселенің шешілуіне оң әсер тигізетініне сенім зор. Ал өз міндетін атқару барысында олқылық танытқан мамандардың лауазымын төмендету, немесе жұмыстан шығару шаралары заңмен бекітілді.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ