ДИКТОР: 17 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова әлемнің 4 дүркін чемпионы Хоу Ифаньды ұтты. Меруерт Камалиденова әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер. Шахматтан жасөспірімдердің әлем чемпионатының жүлдегері және классикалық шахматтан Қазақстан Республикасының өткен жылғы чемпионы Хоу Ифаньға бірде-бір мүмкіндік берместен, жеңіске жетті. Ал ұлттық құрама сапындағы Алуа Нұрманова 16 ойынның 11-інде жеңіске жетті. 1-еуін тең аяқтады. Бұдан бөлек, Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова сынды жерлестеріміз де ел намысын абыроймен қорғады. Бірақ, соған қарамастан жалпы есепте әлем құрамасы алға шықты. Қорытынды нәтиже 55:73.