ДИКТОР: Жасыл желекті молайтып, келер ұрпақтың кәдесіне жарату. Бұл Бармашинское орман шаруашылығының инспекторы Александр Макаренконың өмірлік ұстанымы. Ол «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты шаруашылықта 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Табиғат жанашырымен әріптесім Салтанат Сәрсембайқызы тілдесіп қайтты.

РКС: Табиғатпен тілдесіп, тылсым сырын ұғатын кейіпкеріміздің жасы 60-тан асса да әлі де қимылы ширақ. Александр Макаренко орман шаруашылығының инспекторы. Жастайынан еңбекке араласқан ол бір күн қол қусырып отырған емес. Жаз айларында жем-шөп дайындаумен айналысады. Ағаш бұтақтарынан сыпырғыштар жасап, кептіреді. Сөйтіп көктемге дейін жететін қор жинайды. Отбасының барлық мүшесі өмірін орманмен байланыстырған.

СНХ: АЛЕКСАНДР МАКАРЕНКО, БАРМАШИНСКОЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Табиғатпен тілдескен ұнайды. Әкем Бұланды ауданында орманшы болып істеген. Одан кейін Көкшетау қаласында жұмыс істеді. 1959-1991 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханұлы атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агломерация ғылыми-зерттеу институтын басқарды. Ата-анам мені табиғатқа деген сүйіспеншілігімді арттырды.

STAND-UP: САЛТАНАТ ТӘУКИЕВА, ТІЛШІ: Қазіргі көктем мезгілінде өртке қарсы күрес жұмыстары күшейтілген. Сондықтан орманшылар осылайша атқа мініп, орман ішін күндіз-түні аралайды. Өйткені жағдайды әрдайым бақылауда ұстау қажет.

СНХ: БОЛАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ОРМАНШЫ-ШЕБЕР: Біздің 11 оттық бар. Қыста сол жерде бұғалар мен еліктерге тамақ береміз. Оның ішінде шөбі бар,сыпырғышы және тұзы бар. Бұл істе Александр Макаренконың еңбегі зор.

STAND-UP: САЛТАНАТ ТӘУКИЕВА, ТІЛШІ: Орман шаруашылығында аңдар мен жануарлардың саны артқан. Әсіресе еліктер көзге жиі түседі. Орманшылардың айтуынша,дәл осы кезеңде оларға тыныштық керек. Өйткені олардың төлдейтін кезі келе жатыр.

СНХ: Александр Макаренко табиғатты аялау, оның байлығын көздің қарашығындай қорғау бағытында тынымсыз ете беремін дейді. Өйткені, бұл байлық-халықтың ортақ игілі. Бармашинское орман шаруашылығының жер көлемі 9 мың гектардан асады. Онда 150-ге тарта бұғы, 60-қа жуық елік бар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ