ДИКТОР: Ақмолалық спортшылар Street WorkOut спорттың жаңа түрінен бірнеше мәрте әлем чемпионы атанды. Өңірде бұл спорт түрі қашан пайда болды? Әлемдік рекордты кім жаңартты? Материалға назар аударайық.

РКС: Жыл сайын стрит воркаут спорт түріне қызығушылық танытқан ақмолалық жастардың қатары көбейіп келеді. Жергілікті спортшылар әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетуде. Имран Ибрагимов – аймақта осы қозғалыстың негізін қалаушы ретінде танымал тұлға. Түрлі деңгейдегі чемпионаттарда өнер көрсеткен. Жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін, Street WorkOut-пен айналысқысы келетіндердің барлығына мектеп ашты.

СНХ: ИМРАН ИБРАГИМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША STREET WORKOUT ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ: Сонымен қатар “Ақмола” орталығының жаттықтырушысымын. Біздің мектеп Қазақстандағы ең мықты командалардың бірі. 22 наурызда өткен чемпионатта жалпыкомандалық есепте 1 орын алдық. Облыс бойынша, аудандарда, ауылдарда спортты жаппай дамытумен тығыз айналысамыз.

РКС: «Ақмола» спорт орталығында жаттығатын шәкірттердің бірі-Фархад Мамедов. Қазір ол әлем чемпионатына дайындық үстінде. Сайыста бар таланты мен мықтылығын көрсетуге дайын.

СНХ: ФАРХАД МАМЕДОВ, STREET WORKOUT-ТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Қазіргі уақытта біздің команда Қазақстан бойынша 1-орында. Жақында турникте WorkOut 1080 әлемдік рекордын жасадым. Бұл спорт түріне досым шақырды. Ол менің жетістікке жететініме сенімді болды. Досыммен бірге жаттығып, турникте тартыла бастадым. Қазір бапкерім Имранмен бірге дайындалып, жеңіске жетуге тырысып жатырмыз.

РКС: Айта кетейік, әлем чемпионатына шамалы уақыт қалды. Мамырдың 7-сі мен 9-ы аралығында Алматы қаласында өтеді. Ақмолалық спортшылар жеңістен үмітті. Жоғары нәтиже көрсетуге дайын. Облыс атынан іріктелген 14 қатысушы өнер көрсетеді.

АИДА ХАМИТОВА, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ