ДИКТОР: 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібіне түзетулер енгізіледі. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде салық режимін қолданудың жаңа шарттары түсіндірілді.

РКС: Бөлшек салықтың арнайы салық режимін жұмыскерлерінің саны 200 адамнан және күнтізбелік жылдағы табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын салық төлеушілер қолдана алады. Сондай-ақ осы режимді қолдану мақсаты үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметтің бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады.

СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бөлшек салықтың арнайы салық режимі қайтарылады, тек салық режимін қолдануға болатын қызмет түрлері артады. Мөлшерлеме жеке тұлғалар үшін 4, ал заңды тұлғаларға 8 процент..

РКС: Семинарға салық төлеушілер мен есепшілер қатысты. Мұндай шаралар апта сайын өткізіледі. Оның барысында түрлі сауалдар қойылып, мамандар тарапы нақты жауап беріп отырды.

СНХ: ГАЛИНА СТОЛЯРОВА, АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Осындай семинарларға жиі қатысамыз. Өйткені біз салық заңнамасындағы барлық жаңашылдықты біліп отыруымыз керек. Бөлшек салықтың жаңашылдығы қызықтырды. Бөлшек салыққа ауысқысы келетін клиенттеріміз үшін бұл тақырып қызық болады деп ойлаймын. Сондықтан оларға түсіндіру үшін алдымен біз өзіміз жан-жақты ұғынып алуымыз қажет. Енді осы оқып-тоқығанымызды клиенттерімізге үйрете аламыз.

РКС: Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын азаматтар қосымша құн салығын төлемейді. Бұл ретте қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын және қаңтардың бірі мен 1-ші мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салық режиміне көшуге ұсыныс бергендерге жеңілдік қарастырылған. Олар қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге міндетті емес.

АЙЯ АЯП, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ