ДИКТОР: Еліміздің бірқатар өңірінде сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары мен Алматы қаласында баға өседі деп жоспарланған. Құжат 17 сәуірге дейін халық талқысына түседі.
РКС: 4 сәуірде өткен Үкімет отырысында газдың төмен бағасы оны ұтымсыз пайдалануға алып келеді делінді. Тұтынушылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, газ бағасын тұрақтандыру қажеттігі де айтылды. Осы орайда газдың барынша үнемделуі үшін ең тиімді механизм құрып, тарифтерді өсіру жоспарланып отыр. Қазақстанның батысы мен оңтүстік өңірі көгілдір отынды тұтынушылардың алдыңғы шебінде тұр. Ал Ақмола облысының халқы айына 4,5 мың тонна газ жұмсайды екен.
СНХ: ВЛАДИМИР СУЩЕНКО, ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Қаңтар айында 70 теңгеге көтеріліп, сол баға тұрақты қалып отыр. Біздегі газ сапалы. Тікелей зауыттан жеткізіледі. Айына екі рет сүзгіден өтеді. Сондықтан газ жақсы және үнемді. Автоғазды тұтынатындардың ағымы жақсы. Адамдар қашан да ең арзанын іздейді. Бізде күніне 2, 2,5 тонна автогаз сатылады.
СНХ: СЕРГЕЙ ЖИНЖЕРА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Баға көңілге қонымды. Сондықтан 10 жылдан бері автогазды пайдаланамын көлігіме. Бензинмен бірдей мөлшерде жаратылады. Менің көлігіме қайсысын алсам да бәрібір. Бірақ бұған дейін де автогазбен жүретін көлігім болған. Негізі 70 литр сыяды. 40 литр құйдым. 2800 теңгеге шықты. Баға көтерілсе де, шарықтап кетеді деп ойламаймын. 80 теңге болса, бензиндегідей қымбатқа шықпайды. Сондықтан газды қолдана беремін.
РКС: Облысқа Ақтөбе, Павлодар, Атырау қалаларындағы мұнай зауыттарынан 23 компания автогаз тасымалдайды. Қазір өңір бойынша тапшылық жоқ. Ақмола Республикадағы ең төменгі бағаны ұстап тұрған аймақтардың қатарында.
СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА БАСҚАРМАСЫ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір Ақмола облысындағы автогаздың бағасы бір литр үшін 58-75 теңге аралығында. Өңір аумағында автогазбен жабдықтауды 130 мыңнан астам автокөлікке газ құю станциясы жүзеге асырып жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес баға өзгермейді. Соңғы 5 жылда өңірде айтарлықтай өсім болған жоқ. Тек 2021 жылы газ электрондық сауда алаңында сатылымға шыққанына байланысты жыл соңында баға 130 теңгеге өскен еді. Қазір баға тұрақты, ешқандай өсім болмайды.
РКС: Ал өңірдегі тұрмыстық газ баллонның бағасы бір килограмына 70 пен 180 теңге аралығында. Облыс бойынша 97 пункт газ толтыру мен сату қызметін көрсетеді.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ