ДИКТОР: Аршалы өңіріндегі бөгеттердегі жағдай бақылауда. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күн сайын су қоймаларындағы судың деңгейіне мониторниг жүргізіп отырады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев су тасқыны кезінде аса қауіпті жерлердің дайындығын бақылап шықты. Сонымен қатар 300 орындық мектепті салу кезінде қиындық туындаған құрылыс алаңында болды.
РКС: Жібек жолы ауылы Есіл өзенінің жағасындағы орналасқан. Елдімекенді көктемгі су тасқынынан бөгет қорғап тұр. Су торабы 1965 жылы салынған. Содан бері жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Дегенмен, наурыз айындағы ең көп су ағынына төтеп берді. Тәулік бойы құтқарушылар, арнайы техника, сондай-ақ «Қазводхоз» инженерлері кезекшілік атқарады.
СНХ: ОЛЖАС ТҰРЖАНОВ, «ҚАЗВОДХОЗ» АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Су елдімекен арқылы өтеді. Одан кейін Астанадағы қорғаныс бөгетінің ыдысына құйылады. Қалыпты тұтынылған жағдайда қалалық арнаға өтеді. Бұл ескі арна, бірақ бұл аумақ су тасқыны аймағына түседі. Себебі, су қоймасынан ағызу көбейген сайын жайылмаға су төгіледі. Мұнда тұрғын үйлер салынып жатқандықтан, су тасқыны орын алуда.
РКС: Биыл дер кезінде атқарылған шаралардың арқасында су арнасынан асқан жоқ. Жарты миллион текше метрден астам қар шығарылды. Бұл өткен жылғыдан 4 есе көп мөлшер. Бөгеттер арқылы судың еркін өтуі үшін өзен арнасын тазарту, сонымен қатар басқа да ауданның қиын өңірлеріне дейін арттыру жоспарланып отыр.
СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бір жарым метр тереңдікке дейін тазалауды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты ұзындығы 4 шақырымдай 7-і шағын ауданға дейін бөгеттерді біріктіру туралы ұсыныс жасадық. Бұл бөгетболады, екінші жағынан шағын аудандарды байланыстыратын жолға айналмақ.
РКС: Аймақ басшысы су тасқынына төтеп бере алмайтын аймақтарға көпір салуды алдын ала жоспарлау және салу қажеттігін атап өтті.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әлеуметтік қарбаластық болмас үшін бізге бұл көпір аса қажет. Ауыл ұлғайып келеді. Алдағы уақытта әлі қамтылмаған шағын аудандардың жобалық-сметалық құжаттарын уақытында дайындау қажет. Кешіктірмей, бәрін уақытылы жасау қажет. Осы мәселенің барлығын азаматтық қоғаммен талқылап шешу маңызды. Халық саны 30 мыңнан асып кеткен. Бұдан да көбейеді, сондықтан құрылыс аса қажет.
РКС: Одан соң Ермек Маржықпаев 300 орындық мектептің құрылысын аралады. Жұмыс қарқыны тым бәсең. Жобаны аяқтаудың нақты мерзімдеріне сәйкес келмейді. Ғимарат қаңтар айының басында қолданысқа берілуі тиіс еді, бірақ жұмыс әлі жалғасуда. Өткен жылдың қараша айында нысанға соңғы рет барған сапарында облыс басшысы айтқан кемшіліктер түзетілмеген. Мердігер ұйым бұдан өзге Қосшыда өрт сөндіру бекетін де салып жатыр. Оны тапсыру мерзіміне қатысты да шағымдар бар.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіз барған жерге шөп шықпайтын сияқты. Тағы да қайталап айтам, шама келмейтін жерге бас сұғудың қажеті қанша? Түк түсінсем бұйырмасын. Құрылысшысыз ғой, мына шұрықтар не масқара?
РКС: Мердігер барлық жұмысты 1 мамырға дейін аяқтауға уәде берді.
ИНТЕРШУМ:
– Устраивает к 1 мая? Добьёте? Вот смотрите, 40 человек слушает Вас. Бітіреміз ба?
– Бітірем!
РКС: Құрылыс жұмыстарының жүргізіліп жатқанына үшінші жыл. 2700 шаршы метр болатын ғимараттың жобасына бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл мектеп ауылдағы үшінші мектеп. Салынып жатқан білім ошағы орын тапшылығын біршама жеңілдетері сөзсіз.
БАЯН ӘЗБЕРГЕНОВА, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ.