ДИКТОР: Астана қаласында ММА және грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, оған 800-ден астам спортшы қатысып, бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша Ақмола облысының спортшылары 11 жүлделі орынды еншіледі.

РКС: Чемпионатта “ZHAS DYNAMO TEAM” жекпе-жек клубының спортшылары Ақмола облысының намысын лайықты қорғады. Жаста болса, тәжірибелі бапкер Асан Дайырдың шәкірттері қазірдің өзінде көптеген жарыстың жүлдегері атанып жүр. Руслан Оспанов 77 келі салмақ дәрежесінде бағын сынағандардың қатарында.

СНХ: РУСЛАН ОСПАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Қазақстанның екі дүркін чемпионымын. Көптеген жекпе-жекке қатысып, күміс жүлдегер атандым. Жақында өткен чемпионатта үш жекпе-жек өткіздім. Оның екеуін мерзімінен бұрын аяқтап, финалда жеңіске жеттім. Осы жарысқа алты ай бойы дайындалдым.

РКС: Қарсыластардың бәрі жарысқа мықты дайындалып келіпті. Чемпионатта барлық қатысушы 4-5 жекпе-жектен өткізді.

СНХ: АСАН ДАЙЫР, ММА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсете білді. Олардың көбі бірінші және екінші орынды иемденіп келді. Бұл турнир іректеу кезеңі болды. Біздің спортшылар ММА бойынша әлем чемпионатында өздерінің бақтарын сынайды.

РКС: Рустам Зынданұлы еркін күрестен спорт шебері. Грек-рим және қазақ күресінен спорт шеберлігіне үміткер.

СНХ: РУСТАМ ЗЫНДАНҰЛЫ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Чемпионат екі тәртіпте өткізілді: ММА және грэпплинг. Мен грэпплинг бойынша қатысып Қазақстан чемпионы атандым. Барлық спортшылар әлем чемпионатына қатысқысы келді.

РКС: Сайысқа қатысқан спортшылар Мәскеу қаласында өтетін әлем чемпионатына қызу дайындықты бастап кетті.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ