ДИКТОР: Театр және кино жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі Бикен Римованың 100-жылдық мерейтойына арналған «Өнермен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық көрме өтті. Онда актрисаның сахнада киген киімдері, жеке заттары мен фотосуреттері, наградалары қойылған. Шараға театр майталмандары мен халықаралық «Түріксой» мәдени ұйымының өкілі қатысты.

ИНТЕРШУМ: салтанатты іс-шараның ашылуы

РКС: Бикен Римова 1923 жылы Талдықорған өңірінде дүниеге келген. 1942 жылы Алматы театр училищесінің 3 курс студенті болып жүргенде ұстазы Асқар Тоқпанов «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңліктің ролін береді. Бір жылдан соң Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрына жұмысқа қабылданады. Өмірінің соңына дейін бір ғана театрда еңбек етті. Театр сахнасында қазақтың және шетелдік драматург пьесалары бойынша 170-тен астам рольді сомдады. 30-дан астам фильмде басты кейіпкерді ойнады. Кино мен театрда бағы жанған өнер майталманы. Бұл шара Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры мен Ақмола облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілді.

СНХ: ЕРЛІК ЖУАСБЕК, Б. РИМОВА АТЫНДАҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мәдениет министрлігінің қолдауымен біз гастрольдық сапар жасадық. Ең алғаш Алматы қаласында көрме ұйымдастырып, сосын бас қаламыз Астанада және жалғасын қасиеті сұлу мекен Көкшетауда көрме ұйымдастырып отырмыз. Жастарға насихат ретінде. Бикен апамыздың орны ерекше, еңбегі зор. Барлық ғұмырын осы театр мен киноға арнаған.

РКС: Шара барысында Бикен Римованың өнері, жүріп өткен жолы жайында әдемі естеліктер айтылды. Көрмеге өнер майталманының әр жылдары сахнада киген киімдері, күнделікті тұрмыста қолданған жеке заттары мен фотосуреттері қойылыпты. Наградалары да өте көп.

СНХ: ЭЛЬЧИН ГАФАР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Мен бірінші рет Көкшетау қаласына келдім. Жер жәннаты саналатын сұлу мекенде Халықаралық театр фестивалі өтіп жатыр, соған қазылық жасауға ұсыныс білдірген еді. Бикен Римованың көрмесі сол шараның жалғасы іспетті ұйымдастырылған екен. Өте қуаныштымын. Оның өнерін бағалаған ұйымдастырушылар жоғары деңгейде көрме қойыпты. Өнер адамның есімі ешқашан өшпейді. Өйткені, оның артында қара ормандай халқы бар. Қазақстан мен Түркия мемлекеті достық қарым-қатынаста. Осындай іс-шараларды біз де қолдаймыз. Алдағы уақытта Анкараға шақыру ойымызда бар.

РКС: Сахна саңлағының 100 жылдығына орайластырылған көрменің Көкше жерінде ұйымдастырылуы да тегін емес. Өйткені, Бикен Римова қарымды қаламгер, драматург жерлесіміз Шахмет Құсайыновтың өмірлік жары болды. Шара соңында облыстық мәдениет басқармасы көрмеге келген театр майталмандары мен шетелдік меймандарға Алғыс хат табыстады.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ