ДИКТОР: Егіндікөл және Астрахан аудандарында су тасқынының алдын алу шаралары жүзеге асырылуда. Жедел әрекет етуге арнайы жасақ құрылып, өңірлік штаб та дайындалды. Оқшаулар бекеттері де жасақталды. Дәрі-дәрмек пен азық-түліктің қоры да дайындалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

РКС: Астрахан ауданына қарасты ескі Колутон, Ягодное, Жаңа тұрмыс, Жалтыр және Қоскөл ауылдарын су басу қаупі жоғары. Өйткені, бұл елдімекендер өзен-көлдерге жақын орналасқан. Жергілікті қазынадан төтенше жағдайдың алдын алуға және орын ала қалған сәтте оның салдарын жоюға 8 миллион теңге қарастырылған. Оған қажетті инертті материалдар мен жанар-жағар май сатып алыныпты.

СНХ: РУСЛАН МҰҚАНОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Көктем уақытында аудан әкімшілігі өңірдің коммуналдық шаруашылығы және шаруашылық субьектілерінің 80-ге тарта арнайы техникасын тартуды жоспарлап отыр.

РКС: Егіндікөл ауданында жедел әрекет етуге барлық күш дайын. Азаматтық қорғау қызметінің 14-ке жуық құрылғысы жұмысылдырылмақ. Эвакуациялаудың 12 бекеті жұмыс істеп тұр. Дәл қазіргі уақытта су басу қаупі жоқ. Қатаң бақылауда ұстап отырмыз,-дейді сала мамандары.

СНХ: ДАНИЯР ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Жергілікті атқарушы билікпен, волонтерлермен бірлесіп аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жекеменшік сектордың аумағынджағы қарды сыртқа шығару, су өткізетін құбырларды тазартуғ суағарлар мен арықтарды қар мен мұздан аршу сияқты жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

РКС: Аудан аумағында төтенше жағдай орын ала қалса, оның салдарын жою үшін инженерлік, көлік және жол қызметінен арнайы құрам жасақталған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ