ДИКТОР: Көкшетау қаласының көшелерін қарғын су басып, елді әбігерге түсірді. Әсіресе, жер үйде тұратын тұрғындар қиналуда. Жаяу түгілі, көлікпен жүрудің өзі қиын,-дейді олар. Ал жергілікті билік бұл мәселе біртіндеп шешілетінін айтып отыр.

РКС: Күн жылынып, қар еріп, кей аймақтарда су деңгейі көтерілуде. Осы тұста қала тұрғындары наразылықтарын білідіріп отыр. Олар балаларын жақын тұрған мектепке көлікпен апаруға мәжбүр. Өйткені су деңгейі тобықтан келеді,- дейді.

СНХ: ГАУҺАР АҚҚУЛОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 8-ші мектептің жолын қараңыз. Тобықтан келетін су. Жүз көлік өтеді. Аяқ басатын жер жоқ. Мен өзім айналып барамын. Жұрт көлігімен алып келіп, тротуарға келіп тақалады, балаларын көтеріп жүреді. Содан кейін ғана көпір арқылы 8-ші мектепке өтеді. Жалғыс бұл емес, базар жақта, бүкіл көшеде жүретін жер жоқ.

РКС: Өткен тәулікте қала аумағында тәулікте 15 мың текше метрден астам су сорылып, 1,5 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға 30-дан астам коммуналдық мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ, 10-нан астам адам төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері атсалысты.

СНХ: ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Коммуналдық және 3 төтенше жағдайлар бөлімінің технигі жұмылдырылды. Бүгінде «Сұңқар» шағын ауданында, сондай-ақ «Красный Яр» саяжайларында жұмыс жалғасуда.

РКС: Қала ішіндегі арықтар мен құбырларды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сала мамандары келіп түскен өтінімдерді қабылдауда. Бұдан бөлек, тұрғындар тәулік бойы жұмыс істейтін ikomek қызметіне 109 нөмірі бойынша хабарласа алады.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ