ДИКТОР: Үндістанның астанасы Нью-Делиде әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Жерлес былғары қолғап шебері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын лайықты қорғады. Финалдық кездесуде Итальяндық боксшымен шаршы алаңға шығып, Карина әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Итальяндық Ирма Теста 5:0 есебімен бірауыздан жеңіске жетті. Десе де, Карина Ибрагимова бұл жолғы сайыста ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Жерлес спортшы 2018, 2022 жылдары әлемдік турнирде екі қола медаль иеленді. Карина бұл жолғы жекпе-жектің жаман болмағанын атап өтті. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері елге 2 күміс және 4 қола медальмен оралды. Бұл соңғы 7 жылдағы жақсы көрсеткіш.

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Көңіл-күй мен тактика дұрыс болды деп ойлаймын. Қолымнан келгенін жасадым. Бұл әлем чемпионаты, кез келген спортшы чемпион болғысы келеді. Оның үстіне, бұл финалдық жекпе-жек. Шешуші жекпе – жекке шыққан спортшы күміс алқа алсам жетіп жатыр деген ойда болмайтынына сенімдімін. Алға қойған мақсатым бар, сондықтан әлі де алар асуым көп.