Негізгі Жаңалықтар АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН 1279 БОРЫШКЕРГЕ ЕЛДЕН ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН 1279 БОРЫШКЕРГЕ ЕЛДЕН ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ


ДИКТОР: Ақмола облысында алимент төлемегендердің саны артып отыр. 1279 борышкер ел аумағынан тысқары жерге шыға алмайды. Облыс бойынша бауыр еті баласына беретін қаржылай қарыз 317 миллион теңгеге жеткен. Кәмелетке жасы толмағандардың пайдасына алимент өндіруге қатысты 10 мыңнан астам атқару құжаты рәсімделген.

СНХ: ЕРБОЛАТ ТАҢАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Биыл 68 адамға Қазақстаннан шығуға тыйым салынды. 34 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10743-тен астам атқару құжаты бойынша 317 млн.теңге қарыз бар.

Бөлісу