ДИКТОР: Наурыз мерекесі облыстың түкпір-түкпірінде аталып өтті. Зеренді ауданының тұрғындары ұлттық мейрамға орай ауқымды іс-шаралар легін жалғады. Бұл елдімекендерде ұлыстың ұлы күні жыл сайын тойланып, былтыр Васильковка ауылы кең көлемде мерекелесе, биыл аталған эстафетаны Қонысбай елдімекені қабылдады.
STAND-UP: ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ТІЛШІ: Қонысбай ауылында бүгін ұлан-асыр той. Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы Наурыз бұл өлкеге де келіп жетті.
РКС: Қаз қатар тігілген киіз үйлер, алаңда орнатылған алтыбақан мен концерттік бағдарлама, жиылған қауымның үлкен-кішісіне мерекелік көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз. Дәстүр бойынша, мейрам басталмай тұрып, ауыл ақсақалдары бата-тілектерін айтып, барша жамағатты ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
ИНТЕРШУМ: құттықтау
СНХ: ҚАЙДАР БЕКЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін келген мейрамымыз халқысызды қуанышқа, шаттыққа бөлеп жатыр. Бұл көне дәуірден бері келе жатқан барша түркі халқының мейрамы еді. Осы келгеніне қуаныштымыз, міне 30 жылдай болды келгеніне. Діліміз, тіліміз, дініміз ұлтымыздың қолымызға келіп жатыр. Тойымыз тойға ұлассын, осы халқымыз әрқашан жадырап, бүгінгідей көңілді күйде болып, мейрам құтты болсын.
РКС: Кең жайлауда атжарыс, көкпар, тазы иттерінің жарысы өтсе, бергі алаңдарда ауыл жастары қазақша күрес, қой көтеру, садақ ату сынды сайыстарда бақ сынасты. Елдімекенде садақ ату спортына деген қызығушылық жоғары. Балалар үйірмеге жазылып, біраз шығдалғаннан кейін, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып келеді.
СНХ: САЯТ КӨПЕЙ, САДАҚШЫ: Садақ атумен 2 жыл бойы айналысып келемін. Садақ ату маған өте ұнайды. Себебі мен садақ атуда шыңдаламын. Болашақта үлкен жетістіктерге жетуге тырысамын. Қазақтың атын бүкіл әлемге шығарғым келеді.
РКС: Келген қонақтар киіз үйлерді аралап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өлкенің өнерпаздары да, тұрғындары да бір-біріне қолдау көрсетіп, мерекенің жақсы өтуіне атсалысты.
ИНТЕРШУМ: тұрғындар
СНХ: НҰРМАҒАНБЕТ АРЫҚОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Осы тойды ұйымдастырып жатқан бәріне көп рақмет. Өте жақсы өтіп жатыр. Күрестен бастап, қол күрес, атжарыс, көптеген Ұлттық ойындар болып жатыр. Және сахнада мінекей өлең айтып жатыр.. Қазақша бәрі киінген. Ата жұртымыздың салт-дәстүрі бойынша киінген апаларымыз, аталарымыз, үлкен кісілер той өткізіп жатыр. Өте қуаныштымыз.
РКС: Ұлтымызға тән қонақжайлылық, салт-дәстүрлеріміздің кіршіксіз таза бейнесі бұл қазақ ауылдарының ерекшелігі екені анық. Ұлыстың ұлы күніне деген мұндай құрмет Қазақстанның әр өңірінде белең алып келеді.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ