ДИКТОР: Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Финалистердің арасында қос қазақстандық алтыннан үмітті. 57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын жерлесіміз Карина Ибрагимова қорғамақ. Ол ертең 2020 жылы өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Ирма Мартимен жұдырықтасады. 1/16 сатысынан бастаған Карина Ибрагимова жоспарға сай финалға жетті. Жарыс алаңында ол оңтүстікамерикалық қос спортшыны, сонымен бірге Әзербайжанның өкілі Махсати Хамзаеваны жеңді. Жартылай финалда рингте әлемнің қос дүркін чемпионы, тайваньдық Линь Юйтинмен шайқасты. Карина үшін бұл жолғы кездесудің мазығы зор. Өйткені, әлемдік біріншіліктің былтырғы жылғы финалында Қытай Тайбэйінің өкілі жерлес спортшыға еш мүмкіндік бермеген еді. Міне, бұл жолы бәрі өзгеше. Бесінші раундтан соң Карина реванш алып, финалға өтті.

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСШЫ: Бүгін төртінші кездесу. Біріншісін жеңғіп шықтым. Бірақ, биыл Стамбулда өткен әлем чемпионатында осы қыздан жеңіліп қалған едім. Бүгін матч-реванш болып, Аллаға сансыз шүкір, жеңдім. Баршаңызға алғысым шексіз, жерлестерімнің қолдауына ризамын!