ДИКТОР: 3 айға созылған сайлау науқаны өз мәресіне жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша барлық сайлау учаскесінде санақ жүріп жатыр. Өңірдің белді азаматтары бүгінгі саяси шараның барысы жөнінде пікірімен бөлісті.
РКС: Саяси мәдениет мемлекет дамуының негізі. Дауыс берушілердің санын арттыру мақсатында әр сайлауда жаңашылдықтар енгізіліп отыр. Ең маңыздысы – саяси науқанның ашықтығы. Сондай-ақ, азаматтардың барынша ақпараттандырылуы тиіс. Ақмола өңірінің тұрғындары республика бойынша қашан да сайлауға белсенді атсалысатын облыстың бірі.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Дауыс беруге қатысты азаматтар мен азаматшалар белсенділігін әрбір сайлау округінде көріп отырмыз. Әлеуметтік желіде жүрген Қосшы қаласындағы 98-ге келген атамыздың келіп, саулау учаскесінде дауыс беруі бұл да ұлағатты істің бірі. Қоғамымызды өзгерту үшін, қоғамымызды саяси жаңғырту үшін өзіміздің белсенділігімізді осындай саяси науқандар кезінде көрсетуіміз керек. Күн сайын шу көтеріп, күн сайын халықты көшеге шығуға шақырып, халықты наразылыққа шақыру, ол елдін берекесін, бірлігін алатын іс.
РКС: Аламан бәйге аяқталды. Алдағы уақытта саулау нәтижелері белгілі болмақ. Естеріңізге салсақ, Республика бойынша 6,5 миллионнан астам азамат өз дауысын беріп үлгерген.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ