ДИКТОР: Бүгін өткен сайлаудың барысына облыс тұрғындары өз бағасын беруде. Қоғам белсенділері мен журналистер сайлау түбегейлі өзгерістердің орын алатынына сенімді.

РКС: Қоғам белсенділері сайлау үдерісіне дайындықтың жақсы болғанын және тиісті деңгейде өткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, биылғы сайлау аралас жүйеде өткенімен ерекшеленіп отыр.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, «НАШЕ ПРАВО» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл сайлау Қазақстан тарихында бірегей саяси науқан болғанын өздеріңіз де білесіздер. Бұған дейін мұндай өзгеріс болған емес. Сондықтан халық та үлкен өзгерістердің бастауы болады деген сенімде. Сіз бен біздің өмірімізді жарқын етуге бағытталған заңнамалық актілердің өзгеретінінен үміттіміз.

РКС: Журналист Аслан Әбутәліпов саяси оқиғалардың бел ортасында жүреді. Сондықтан көптеген сайлаушының қай кандидатқа дауыс беретінін, оның өмірбаянын жатқа білетіндеріне таңданысын жасырмады. Бүгін таңдалған халық қалаулылары бұған дейін шешілмей келген біраз мәселені өзгертуге күш салады деген үмітте.

СНХ: АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, ЖУРНАЛИСТ: Сарапшылар айтқандай, қазақстандық қоғамдағ саяси жаңыруда аса маңызды өзгерістер орын алып жатқанын көзіміз көріп отыр. Кез келген қазақстандық сияқты мен де елімнің қарапайым азаматы ретінде бұл сайлаудан зор үміт күтемін. Бұдан әрі еліміздің саяси жүйесі, әлеуметтік-экономикалық жүйесі үлкен өзгерістерге қадам басады.

РКС: Болашақ халық қалаулыларына тұрғындар тарапынан жоғары талап қойылатыны заңдылық,- дейді біздің кейіпкеріміз.

АИДА ХАМИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.